Жетісу облысының Достық ауылында алғашқы "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылды
Жетісу облысы Қаратал ауданына қарасты Достық ауылындағы Бикен Римова атындағы орта мектеп-гимназияда "Жас сақшы" кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара барысында 7-сыныптың 17 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, алғаш рет погон тақты. Кадеттер арнайы дайындық пен жаттығулардан өтіп, бойларында патриотизм, тәртіп пен заңға деген құрметті қалыптастыратын болады.
Post #43520
43