Абай облысындағы түзеу мекемесіне телефон алып кірмек болған сотталған әшкереленді
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемеде жазасын өтеп жатқан Павлодар қаласының 46 жастағы тұрғыны жұмыстан қайтқан кезде белдігіне жасырып, мекеме аумағына ұялы телефон алып кірмек болды. Режим бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде тыйым салынған затты дер кезінде анықтап, жолын кесті. Аталған факті бойынша сотталған азаматты тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.
Post #43466
31