TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43455 35
🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

✔️Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.

✔️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірдегі бірегей жоба – Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызына тоқталды. Теңіз табанымен жүргізілген желі екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, тұтас өңір тың мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

✔️Президенттер сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқыны артып келе жатқанын мәлімдеп, өзара тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін растады.

✔️Бұдан бөлек, Қазақстанның энергия ресурстарын Әзербайжан арқылы тасымалдау ауқымын ұлғайту, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

✔️Тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық нығайып, білім беру, туризм салаларындағы әріптестік кеңейе түскенін және парламентаралық ынтымақтастық жанданып келе жатқанын жеткізді.

✔️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асыруға бейіл екенін растады.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 15, 2026Қызылордада қарсы бағытқа шыққан 19 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды Қызылорда қаласында…
  2. Oct 15, 2026ШҚО-да жол үстінде мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды Ұлан ауданында "Бекет" жеде…
  3. Oct 15, 2026Абай облысындағы түзеу мекемесіне телефон алып кірмек болған сотталған әшкереленді Абай об…
  4. Oct 15, 2026Астана әуежайында транзиттік жолаушыдан 3600 доллар ұрлаған шетелдік ұсталды Астана қаласы…
  5. Oct 15, 2026Таразда әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді Тараз қаласында психотро…
  6. Oct 15, 2026Павлодар облысында 7 ұрлық жасаған компьютерлік клубтың бұрынғы қызметкері пробация есебін…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →