TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43454 38
Қазақстан Президенті Әзербайжанмен бірлесіп, Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдаудың көлемін арттыру жөніндегі жоспары туралы айтты

– Каспий теңізі өңіріміздің ғана емес, әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие болып отыр. Қазақстан Каспий өңірдегі және одан тысқары мемлекеттердің ортақ игілігі үшін әрқашан бейбітшілік пен ынтымақтастық кеңістігі болуы керек деп санайды. Бұл ретте су ресурстары мен экология саласындағы бірлескен күш-жігер арқылы оны сақтап қалу өте өзекті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔹Мемлекет басшысы АӨСШК қызметіндегі экологиялық бағыттың маңызы арта түскенін атап өтті.

🔹Оның пікірінше, су ресурстарының тапшылығы мен экожүйенің тозуы Азиядағы ең күрделі сын-қатердің біріне айналды.

– Азия мен Тынық мұхиты аймағында дүние жүзі халқының 60 пайызы мекендейді. Алайда бұл өңір әлемдік су қорының 35 пайызына ғана иелік етеді. Сәйкесінше, өңірдің су ресурстарымен қамтылуы жан басына шаққанда әлем бойынша төменгі орында. Қазақстан су ресурстары алдағы уақытта да ынтымақтастықтың көзі болуы керек деп санайды. Осыған орай технология алмасу, бірлесіп зерттеу және су үнемдейтін шешімдерді ілгерілету мақсатында АӨСШК су ресурстары серіктестігін құруды ұсынамын. Бұл ретте Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде су ресурстарына қатысты жаһандық күн тәртібін жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ететін Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтерді. Аталған ұсынысты АӨСШК мүше мемлекеттерінің қосылуына мүмкіндік бере отырып, Орталық Азия елдері мен Әзербайжан бірлесе ілгерілетуіне болады, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 15, 2026🇰🇿🇦🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен…
  2. Oct 15, 2026🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті ✔️Бакуде…
  3. Oct 15, 2026🤝Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында қол қой…
  4. Oct 15, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны іске қосу рәсімінде аталған желі Қазақстан мен Әзербайжанның Ор…
  5. Oct 15, 2026🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс…
  6. Oct 15, 2026🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді ✔️Қасым-Жом…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →