TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43457 59
Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны іске қосу рәсімінде аталған желі Қазақстан мен Әзербайжанның Орта дәлізді дамыту бойынша бірлескен күш-жігеріне тың серпін беретінін айтты

– Біз халықаралық маңызы зор бірегей жобаны іске қостық. Ең бастысы, бұл – жаңа заманның дәлізі. Яғни көлік дәлізі ғана емес, мүлдем жаңа дәуірге, цифрландыру кезеңіне тиесілі жаңалық. Бұл ынтымақтастықтың түбегейлі соны форматы, Орта дәліздің цифрлық түрінің жүзеге асырылуы десек болады, – деді Қазақстан Президенті.


🔹Ильхам Әлиев ТОБЖ-ны іске қосу арқылы Орталық Азия мен Әзербайжан арасындағы ықпалдастықты нығайтуға тағы бір қадам жасалғанын атап өтті.

– Былтыр Әзербайжан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне толық мүше ретінде қабылданды, биыл мен осы ұйымға толық мүше ретінде қатыстым. Аталған жоба ынтымақтастықты тереңдетуге қосылған кезекті үлес болды. Яғни бұл желіні Орталық Азия елдері де, Оңтүстік Кавказ жұрты да, одан тысқары елдер де пайдаланады. Осылайша, бүгін жаһандық жобаны іске қостық, – деді Әзербайжан Президенті.


🔹Ашылу салтанатында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин сөз сөйледі.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 16, 2026Алматыда салмақ өлшеу кешендерін орнатуға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы уақытш…
  2. Oct 16, 2026Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Саин көше…
  3. Oct 16, 2026Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткіз…
  4. Oct 16, 2026Аким Алматы проверил оснащение обновленной базы «Алматы Тазалық» Аким Алматы Дархан Сатыба…
  5. Oct 16, 2026COP17 аясындағы Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша көшбасшылар саммитінде Армения Премьер-м…
  6. Oct 16, 2026Қазақстан Президенті биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →