Қазығұртта тұрғындар шатырдан қарт әйелдің жинаған ақшасын тауып алды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты қаржы табылды.
Жанашыр жергілікті тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде шатырдан бірнеше пакетке салынған 5 миллион теңгеден астам ақшаны тауып алған. Азаматтар дереу бұл туралы полиция органдарына хабар берді.
Үй иесінің айтуынша, табылған қаржы оның жылдар бойы жинаған ақшасы болып шықты. Қажетті тексеру іс-шаралары аяқталған соң, қаражат толығымен өзінің заңды иесіне қайтарылатын болады.
Полиция қызметкерлері азаматтық жауапкершілік танытқан тұрғындарға алғыс білдіре отырып, бөтен мүлік немесе ақша табылған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді.
Post #43378
52