TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43379 50
Астанада Telegram арқылы есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Астана қаласы мен өзге де өңірлерде "Pitbullshop" Telegram-дүкені арқылы есірткі заттарын сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Арнайы операция барысында 25 пен 40 жас аралығындағы бес күдікті ұсталды.

Мүшелері арасында міндеттері нақты бөлінген бұл топтың қылмыстық әрекеті кезінде екі мыңға жуық жасырын орын ұйымдастырылып, заңсыз сауда айналымы 90 миллион теңгеден асқан.

Тінту және жедел іс-шаралар барысында полицейлер 165 грамнан астам марихуана мен каннабис шайырын, сондай-ақ қаптама материалдарын, электронды таразыларды, банк карталары мен қаржылай заттарды тәркіледі. Сот шешімімен бес айыпталушы да кінәлі деп танылып, топ ұйымдастырушысы 17 жылға, ал қалған төрт қатысушысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026В Алматы собрали и утилизировали около 1,2 тонны просроченных лекарств В 38 городских поли…
  2. Oct 14, 2026💰По итогам дневных торгов 14 октября средневзвешенный курс доллара составил 450.62 теңге,…
  3. Oct 14, 2026Свыше десяти млрд тенге прошло через дропперские сети онлайн-казино В Казахстане пресекли…
  4. Oct 14, 2026Минимальную зарплату в Казахстане могут повысить в 2027 году На брифинге в Курултае Замест…
  5. Oct 14, 2026🇰🇿 Электронное разрешение на въезд в Казахстан для иностранцев станет обязательным с июл…
  6. Oct 14, 2026В Алматы впервые вручат премию ICONIC Tourism Award за вклад в развитие туризма В Алматы в…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →