TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43231 56
Президент Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды

🔹Оның пікірінше, теңіздің тартылуы, табиғи өмір сүру ортасының өзгеруі, ластану және антропогендік жүктеменің артуы уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру, сондай-ақ өзен аңғарларындағы экожүйені, флора мен фаунаның ерекше осал түрлерін қорғау жұмыстарын күшейтуді талап етеді.

– Солтүстік Арал тәжірибесі инженерлік шаралар мен табиғатқа бағдарланған ғылыми тәсілдерді ұштастыру су шаруашылығына қатысты және экологиялық міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Сонымен қатар жағалаудағы аумақтарды сақтап, климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетуге болатынын дәлелдеді.

Заңсыз балық аулауға және биологиялық ресурстардың көлеңкелі айналымымен күреске баса мән беру қажет.

Бұл мәселені ұжымдық күш-жігер арқылы ғана шешуге болады. Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдары арасында ақпарат алмасуды жандандырып, бірлескен жедел іс-шаралар өткізу қажет.

Цифрлық мониторинг құралдарын қолданғанымыз жөн. Қазақстан осы ортақ жұмысқа Каспий итбалығы мен оның тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында құрылған мемлекеттік табиғи резерват әлеуетін жұмылдыруға әзір. Итбалықтардың тіршілік циклі үшін өте маңызды аймақтарда антропогендік әсерді барынша азайту мақсатында экологиялық дәліздерді сақтау мәселесіне де баса мән берген жөн. Сайып келгенде, Каспийді итбалықсыз елестету мүмкін емес.

Еліміз Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру жұмысын қолға алды. Оның мақсаты – табиғатты қорғау ісінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру. Каспий теңізінің бірегей экожүйесі мен сирек кездесетін түрлерді қорғау қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі болады. Қор жұмысына белсенді атсалысып, бірлескен нақты жобаларды іске асыруға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.
More from @tvalmaty
  1. Oct 10, 2026Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады Қызылорда қалалық полиция басқар…
  2. Oct 10, 2026Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары сарапт…
  3. Oct 10, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады Астанада Мемлекет басш…
  4. Oct 9, 2026Абай облысында күдіктілерді электронды бақылау жүйесі талқыланды Абай облысының полиция де…
  5. Oct 9, 2026Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселе…
  6. Oct 9, 2026Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптылар алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгесінен айыр…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →