Павлодар облысында Ертіс жағасында оқталған қарумен жүрген аңшы анықталды
Павлодар облысының табиғатты қорғау полициясы Ертіс өзенінің жағасында жүргізілген рейд кезінде азаматтық қаруды алып жүру ережелерін бұзған тұрғынды тіркеді. Ер адам өзіне тіркелген аңшылық қаруды қаптамасыз және оқталған күйде алып жүрген. Жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жолданды.
Post #43057
6