Қазақстанда бір апта ішінде 10 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі тіркелді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету аясында өткен аптаның қорытындысын жариялады. Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" бір адам өлімін, 11 тонау, 218 ұрлық, сондай-ақ 201 мас жүргізушіні анықтап, жол ережесін бұзудың 10 мыңға жуық дерегін жойды. Атап айтқанда, Үштөбе қаласында мас күйінде Toyota Marino тізгіндеген 34 жастағы азамат 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында дрифт ұйымдастырған қауіпті жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, 10-нан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
Post #43054
15