Талдықорғанда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Талдықорған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері таңғы уақытта Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 52 жастағы жергілікті тұрғынның рульге алкогольдік масаң күйде отырғаны белгілі болды. Сот шешімімен тәртіп бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Post #43056
25