Алматыда Ұстаздар күні аталып өтті
Республика сарайында Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға педагогика саласының ардагерлері, мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары және Алматының педагогтер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Бүгінде Алматының білім беру жүйесінде 42 428 педагог, оның ішінде 14 мыңнан астам жас мұғалім еңбек етеді.
Қалада педагогтердің кәсіби өсуіне жүйелі қолдау көрсетіледі: қалалық және республикалық байқаулар өткізіліп, біліктілікті арттыру курстары мен халықаралық тағылымдамалар ұйымдастырылады.
Педагогтердің кәсіби деңгейі оқушылардың жетістіктерінен де көрінеді. 2025–2026 оқу жылында Алматы оқушылары республикалық байқауларда 488 жүлделі орын, халықаралық байқауларда 214 медаль иеленді.
Ал биылғы негізгі халықаралық пәндік олимпиадаларда Алматының 8 оқушысы 8 медаль — 1 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Post #43053
66