Павлодарда жыл басынан бері 2 мыңға жуық жүргізуші қызыл түске өтіп кеткен
Павлодар облысында полицейлер жыл басынан бері бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен екі мыңға жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Осындай қауіпті заң бұзушылықтың бірі Павлодар қаласындағы Сәтбаев мен Торайғыров көшелерінің қиылысында тіркелді. Audi автокөлігінің жүргізушісі қызыл шамға өтіп, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіргені үшін әкімшілік айыппұл арқалады.
Post #43058
10