Жетісу облысында бейнебақылау камералары 5 мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеді
Жетісу облысында Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Тіркелген деректердің қатарында қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйінде жүру фактілері бар. Камералар арқылы түскен ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы полиция жасақтарына жолданып, тәртіп сақшыларының оқиға орнына жедел жетуіне мүмкіндік береді. Бұл жүйе көшелердегі қоғамдық тәртіпті сақтау мен заң бұзушылықтардың алдын алуда өз тиімділігін дәлелдеп отыр.
Post #43060
11