TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43232 74
Almaty TV Президент Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды 🔹Оның пікірінше, теңіздің тартылуы, табиғи өмір сүру ортасының өзгеруі, ластану және антропогендік жүктеменің артуы уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру…
Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін сақтауға және анағұрлым перспективті жобалардың пулын қалыптастыруға халықаралық деңгейде күш салу қажет екенін атап өтті

– Мұндай жобалар Каспий акваториясы мен оған құятын өзендердің алаптарын да қамтуға тиіс. Су ағынын, өзен атыраулары мен сулы-батпақты аумақтарды қалпына келтіріп, гидротехникалық құрылыстардың жағдайын жақсарту керек. Аталған жұмыстарды гранттар, жеңілдетілген несие және климаттық қаржыландырудың басқа да арналары есебінен жүргізуге болады. Солай болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

🔹Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Тегеран конвенциясының тұрақты Хатшылығын толық жасақтау өте маңызды деп санайды.

– Бізге шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етіп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толық іске асуын қадағалайтын және қызметін үйлестіретін пәрменді тетік керек. Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын жалғастырады. Өйткені Каспийдің экологиялық жай-күйіне баса назар аудара отырып, су ресурстарын жаһандық басқарудың тиімділігін арттыру – баршаға ортақ міндет. Су қауіпсіздігі азық-түлік, энергетикалық және климаттық қауіпсіздікпен бірге халықаралық күн тәртібінде лайықты орын алуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Президент атап өткендей, Каспий – мемлекеттік шекараға бағынбайтын біртұтас экожүйе. Сондықтан халықаралық ұйымдар және қаржы нарықтары аясында үйлесімді іс-әрекет болмаса, табысқа жету мүмкін емес.

– Бізде жемісті жұмыс атқаруға қажеттінің бәрі бар. Яғни саяси диалог орнаған, халықаралық-құқықтық база, салалық институттар мен айтарлықтай ғылыми әлеует қалыптасқан. Бірлескен күш-жігердің арқасында халықтарымыздың тіршілік көзі мен баянды болашағының кепілі саналатын Каспий теңізін сақтай алатынымызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
More from @tvalmaty
  1. Oct 9, 2026Абай облысында тазалық талаптарын сақтамаған 11 мыңға жуық құқық бұзушы жауапкершілікке та…
  2. Oct 9, 2026Батыс Қазақстан облысында тазалық талаптарын бұзған 7 мыңнан астам адам жауап берді Батыс…
  3. Oct 9, 2026Абай облысында тазалық ережелерін бұзған 11 мыңға жуық тұрғын жауапқа тартылды "Таза Қазақ…
  4. Oct 9, 2026Семейде ҚАЖД қызметкерлері мен сотталғандар емделуді қажет ететін бала үшін қайырымдылық ж…
  5. Oct 9, 2026ІІМ орталық аппараты қызметкерлері арасында практиқалық атудан турнир өтті "Алатау" спорт…
  6. Oct 9, 2026Шығыс Қазақстан облысында 50-ден астам жас полицей салтанатты түрде ант қабылдады Өскемен…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →