TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15311 521
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Дүйсенбі

🔹 Инвестор заңсыз айыппұлдан құтылды: Абай облысында прокуратура «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін жауаптылыққа тарту туралы қаулының күшін жоюға қол жеткізді. Лауазымды тұлғаға қатысты қандай шаралар қабылданды? Толығырақ осында.

🔹 Жеке сот орындаушыларының жасырын кірістері: Павлодар облысында прокуратура тексерілген 73 орындаушының 53-інде көрсетілмеген кірістерді анықтады. Араласудан кейін 535,6 млн теңге декларацияланып, бюджетке 53 млн теңгеден астам салық төленді. Толығырақ сілтемеден көріңіз!

🔹 Тұрғын үй кешендеріндегі притон жойылды: Астанада прокуратура притон ұйымдастырды және кәмелетке толмағандарды тартты деп айыпталған 15 адамнан тұратын ҰҚТ-ға қатысты істі сотқа жолдады. Қылмыстық топ қалай әрекет етті? Осы жерден оқыңыз.

📌 Сейсенбі

🔹 Мыңдаған гектар жер мемлекетке қайтарылды: Қостанай облысында прокуратура пайдаланылмай жатқан 21 388,8 га ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтаруға қол жеткізді. Кадастрлық құны 112,4 млн теңге болатын учаскелер арнайы жер қорына берілді. Осы жерден оқыңыз!

🔹 Қазақстан инвесторларды қолдау жүйесін таныстырды: Гонконгта Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетіктерін таныстырды. Қандай уағдаластықтарға қол жеткізілді? Барлық мәлімет сілтемеде!

🔹 32,5 млрд теңгелік жобаға жаңа серпін берілді: Алматыда прокуратура инвесторға «Zhetysu» көлік-логистикалық орталығын салу үшін жердің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесін шешуге көмектесті. Бұл жобаны іске асыруға не мүмкіндік береді? Толығырақ осы жерден қараңыз.

📌 Сәрсенбі

🔹 Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлері болып танысуда: Қазақстанда соңғы бір жарым айда осындай 39 факт тіркелді. Соның бірінде Жезқазған тұрғыны алаяқтарға 9 млн теңге аударған. Алаяқтардың арбауына қалай түспеуге болады? Толығырақ осында.

🔹 «Дипломмен – ауылға»: ШҚО прокуратурасы мемлекеттік қолдау алушылардың 10,6 млн теңге көлеміндегі міндеттемелерді бұзғанын анықтады. Соның бірінде медицина қызметкері міндетті үш жыл жұмыс істемеген, 2,95 млн теңге мемлекетке қайтарылды. Толығырақ сілтемеден оқыңыз!

🔹 Елорда үшін жаңа экопарк: Астанада құны 4 млрд теңгеге жуық «Лес» инвестициялық жобасы ашылды. 10 га аумақта демалыс және туризм аймақтары құрылып, 2 мыңнан астам өсімдік отырғызылды және 120 жұмыс орны ашылды. Экопаркте тағы не пайда болды? Осы жерден көріңіз.

📌 Бейсенбі

🔹 Инвесторға екі рет бас тартылғаннан кейін виза алды: Ақмола облысында прокуратура қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясының бас директорына құны 385 млрд теңгелік жобаны іске асыру үшін инвесторлық виза рәсімдеуге көмектесті. Барлық мәлімет сілтемеде!

🔹 Жерлер мемлекетке қайтарылды: Жетісу облысында прокуратура пайдаланылмай жатқан шамамен 30 мың гектар жерді қайтаруға қол жеткізді. Кадастрлық құны 44 млн теңге болатын учаскелерді шаруашылық айналымына енгізу жоспарлануда. Олар кімге беріледі? Осы жерден оқыңыз!

🔹 Жер дауы жобаны тоқтатқан жоқ: Атырау облысында прокуратура инвесторға құны 5 млрд теңге болатын кірпіш зауыты жобасын іске асыруды жалғастыруға көмектесті. Жаңа өндіріс өңірге не береді? Осы жерден көріңіз.

📌Жұма

🔹 «Балалық ақымақтық ересек арманды бұзды»: «Тоғыз тағдыр» әлеуметтік-профилактикалық мини-сериалының сегізінші бөлімі. Алда — тоғызыншы, қорытынды бөлім! Сілтеме бойынша оқыңыз!

🔹 Қоқыс полигоны мемлекетке қайтарылды: Алматы облысында прокуратура Алатау қаласындағы аумағы 34 га полигонды сенімгерлік басқару туралы шартты жарамсыз деп тануға қол жеткізді. Оны пайдалану кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды? Толығырақ осында.

🔹 Заңға бағыну жолына: Ақтөбе облысында «Айқын нәтиже» жобасы аясында сотталғандармен кездесу өтті. Құқық бұзушылықтардың салдары мен заң талаптарын сақтау маңыздылығы талқыланды. Қалыпты өмірге қайта оралуға қалай көмектесуге болады? Осы жерден көріңіз!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  3. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  4. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  5. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
  6. Sep 26, 2026Столичная прокуратура внедряет цифровые технологии Ведущие эксперты Центра поддержки цифро…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →