Алатаудағы қоқыс полигоны коммуналдық меншікке қайтарылды
Алатау қаласы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа «ADC TAZA ALEM» ЖШС-мен жасалған аумағы 34 гектар қоқыс полигонын сенімгерлік басқару шартының күшін жою туралы талап қою енгізілді.
Аталған ЖШС-нің іс жүзінде 2025 жылғы 27 қарашадағы сот үкімімен сыбайлас жемқорлық қылмыс және заңсыз кәсіпкерлік жасағаны үшін сотталған Іле ауданының бұрынғы әкімі Б.Қарасаевқа тиесілі болғаны анықталды.
Шарт талаптарына сәйкес басқарушы компания инвестициялар тартуға, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салуға, кірістің бір бөлігін жергілікті бюджетке аударуға және тарату қорын құруға міндеттенген.
Алайда аталған міндеттемелер орындалмаған. Іс жүзінде компанияның қызметі қалдықтарды жинақтап орналастырумен ғана шектелген.
Полигонды тиісінше басқармау елеулі экологиялық салдарға әкеп соққан. 2021–2025 жылдар аралығында полигон аумағында 6 өрт оқиғасы тіркелген.
Олардың ең ауқымдысы 2025 жылғы қыркүйекте орын алып, өрт 30 гектар аумақты шарпыған.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Post #15299
738