TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15266 1.17K
385 млрд теңге инвестиция: Ақмола прокуратурасы екі рет виза ала алмаған шетелдік инвесторға көмектесті
 
Қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы Ақмола облысында «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп, құны 385 млрд теңге болатын ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында шамамен 800 жұмыс орнын құру көзделген.

Алайда шетелдік компанияның бас директорының Қазақстанда жұмыс істеуіне қажетті инвесторлық визаны рәсімдеу туралы өтінішіне екі рет бас тартылған.

Осыған байланысты инвестор Ақмола облысының прокуратурасына жүгінген.

Прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп, мәселені реттеуге ықпал етті. Нәтижесінде Dalian Hesheng Holdings компаниясының бас директоры үшін инвесторлық виза рәсімделді.

Енді компания басшысы Қазақстанда болып, зауыт құрылысы мен инвестициялық жобаның іске асырылу барысын жеке өзі бақылай алады.

Инвесторлық визаның рәсімделуі компания басшысына жобаны жүзеге асыруға тікелей қатысуға, зауыт құрылысын бақылауға және туындайтын мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін әкімшілік тосқауылдардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1297851?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвесто…
  3. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  4. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  5. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  6. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →