TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15206 744
Қазақстан прокуратурасы Гонконгтағы жаһандық саммитте инвесторларды қорғау тетіктерін таныстырды

Қазақстан инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Гонконгта өткен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 11-ші саммиті аясында ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев елімізде инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеудің қолданыстағы жүйесін таныстырды.

Баяндама барысында Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар таныстырылып, инвесторлардың құқығын қорғауда прокуратура органдарының маңызды рөліне назар аударылды.

Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекеттік органдардың, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының 5 мыңнан астам өкілі қатысты.

Іскерлік бағдарлама аясында Жандос Умиралиев халықаралық аудиторияға прокуратураның инвестициялық саладағы рөлін таныстырды.

Саммит қатысушыларына Қазақстандағы инвестициялардың сенімді құқықтық қорғауда екені, ал прокуратура органдары әкімшілік кедергілер мен ықтимал тәуекелдерді барынша азайту бағытында тиімді жұмыс жүргізіп отырғаны көрсетілді.

Бүгінде прокурорлардың сүйемелдеуінде 36 елдің инвесторлары қатысатын шамамен 3,5 мың инвестициялық жоба бар. Әр жобаға жеке прокурор бекітілген.

Саммит аясында Жандос Өмірәлиев Гонконгтың жоғары лауазымды тұлғаларымен, заң органдарының басшыларымен, даму институттары және халықаралық бизнес өкілдерімен бірқатар келіссөз жүргізді.

Гонконгтың Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен (John Lee) кездесуде тараптар екіжақты диалогты дамыту мәселелерін талқылады.

Гонконгтың Әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Пол Лэмге (Paul Lam) Қазақстан тарапы Гонконгтың Әділет департаменті мен ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті арасында бірлескен сараптамалық жұмыс тобын құруды ұсынды.

Негізгі назар инвестициялық дауларды шешу саласындағы практикалық тәжірибе алмасуға, оның ішінде арбитраж бен медиация тетіктерін қолдануға аударылмақ. Жеке бағыт ретінде халықаралық бизнеспен тікелей диалог орнату қарастырылды.

Гонконгтың Сауда және даму кеңесінің (HKTDC) атқарушы директоры София Чонгпен (Sophia Chong) кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен HKTDC арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстанның қадағалау органы мен халықаралық бизнес қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл үшін қосымша алаң қалыптастырады.

Келіссөздердің тағы бір бағыты ірі азиялық инвесторлармен жұмыс болды. Стратегиялық кәсіпорындарды тарту жөніндегі кеңсенің (OASES) Бас директоры Питер Янмен (Peter Yan) кездесуде Қазақстанда жоғары технологиялық және стратегиялық жобаларды іске асыруды қарастырып отырған компанияларды құқықтық қорғау және институционалдық қолдау тетіктері талқыланды.

«Бір белдеу, бір жол» саммиті Қазақстанның инвесторлардың құқықтарын қорғаудың ұлттық моделін таныстыруға және бірқатар практикалық уағдаластықтарға қол жеткізуге, сонымен қатар прокуратура органдарының еліміздің инвестициялық ахуалын жақсартудағы рөлін таныстыруға мүмкіндік берді.

Прокуратура инвесторлардың құқықтық қорғалу жүйесін дәйекті түрде жетілдіріп, бизнес үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Бұл халықаралық бизнестің Қазақстанға деген сенімін нығайтып, жаңа инвестициялық жобаларды тартуға ықпал етеді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвесто…
  3. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  4. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  5. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  6. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →