TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15252 729
Астанада экосаябақ ашылды: инвестициялық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды
 
Экосаябақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі қалалар мен облыс орталықтарының қала маңындағы аймақтарында экологиялық парктер құру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында құрылды.
 
Экосаябақтың ашылуына Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы қатысты.
 
Құны 4 млрд теңгеге жуық жеке инвестициялық жоба 10 гектар аумақта жүзеге асырылды.
 
Осыдан бірнеше ай бұрын бұл жерде игерілмеген батпақты жер болған. Бүгінде мұнда демалыс пен туризмге арналған заманауи кеңістік құрылды. Инвестордың өз қаражаты есебінен аумақтың топырағы дайындалып, кірме жол салынды, сондай-ақ ұзындығы 3 шақырым болатын инженерлік желілер тартылды.
 
2 мыңнан астам қарағай, бұта мен гүл отырғызылып, серуендеу аймағы бар тоған жасалды. Мұнда қонақүй кешені, мейрамхана, шолу алаңы, спорт және балалар алаңдары, сақ моншалары мен екіэтноауыл орналасқан. Жоба 120 жұмысорнын ашуға мүмкіндік береді.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы «Лес» экосаябақты инвестициялық бастаманың қала үшін нақты нәтижеге қалай айналатынын көрсететін мысал ретінде атап өтті.
 
«Экосаябақ - жеке инвестицияның қалалық инфрақұрылым мен туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елорданың экологиялық кеңістігін қалыптастыруға бір уақытта ықпал ете алатынын көрсететін жақсы мысал. Біз үшін инвестордың осындай идеяны алғашқы шешім мен қаржы салудан бастап дайын нысанды ашуға дейін соңына дейін жеткізуіне мүмкіндік болуы маңызды. Нәтижесінде инвестициялық жоба Астана үшін аса маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділіктер беруі керек», – деді Бауыржан Ералы.
 
Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша прокуратура органдары 3,5 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде инвесторлар жер учаскелерін алу, инфрақұрылымға қосылу, рұқсат беру рәсімдерінен өту, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындауы және жобаларды іске асырудың басқа да кезеңдерінде тап болған 600-ден астам мәселені шешіп, инвесторлардың құқығын қорғады.
 
Сондай-ақ, жоба жетекшісі Мақсат Әлімбет экосаябақты құру кезінде табиғатты, демалысты және заманауи инфрақұрылымды бір кеңістікте үйлестіруге ұмтылғандарын атап өтті.
 
«Біз Астанада табиғат, демалыс және заманауи инфрақұрылым бірін-бірі толықтыратын кеңістік құруды қаладық. Біз үшін аумақтың табиғи келбетін сақтап, экопаркті елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы әрі қолжетімді ету маңызды», - деді жоба жетекшісі.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1297476?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвесто…
  3. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  4. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  5. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  6. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →