TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15238 879
Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылуда
 
Бас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың кең таралған схемасы туралы ескертеді. Бұл жағдайда қаскөйлер өздерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтардан қорғау сылтауымен азаматтардың ақшалай қаражатын иемденеді.

Тек соңғы бір жарым айдың ішінде республика бойынша осындай 39 факт тіркелген.

Мәселен, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлытау облысының Полиция департаменті Жезқазған қаласының тұрғынынан ақшалай қаражатты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қаскөйлер өздерін Ұлттық Банктің қызметкерлері ретінде таныстырып, ер адамға алаяқтар оның дербес деректерін иемденіп, шоттарындағы ақшалай қаражатын ұрлауға әрекет жасап жатқанын хабарлаған.

Қаскөйлерге сенген ер адам олардың нұсқауы бойынша депозиттеріндегі барлық ақшаны шешіп, оларды «қауіпсіздендіру» мақсатында үшінші тұлғаларға аударған. Келтірілген залал 9 млн теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Бас прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға шақырады.

Ұлттық Банктің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы алаяқтардан қорғау деген сылтаумен несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшалай қаражатты үшінші тұлғаларға аударуды талап етпейді.

Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және сіздің ақшалай қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді хабарламаңыз.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвесто…
  3. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  4. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  5. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  6. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →