TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15190 992
Абай облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтірілді
 
Абай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартуға әкеп соққан заң бұзушылықты анықтады.

Анықталғандай, Экология департаменті инвесторға қатысты мемлекеттік бақылаудың заңда көзделген тексеруін жүргізбестен және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Прокуратураның наразылығы бойынша сот «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күшін жойды.

Сонымен қатар, сот анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына жеке қаулы шығарды.

Бұдан бөлек, Экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың олардың қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1295192?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели. 📌Понедельник 🔹 Инвестор изб…
  2. Sep 26, 2026Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз. 📌 Дүйсенбі 🔹 Инвесто…
  3. Sep 26, 2026«На путь законопослушной жизни»: профилактическая встреча с осужденными В рамках проекта «…
  4. Sep 26, 2026«Заңға бағынатын өмір жолына»: сотталғандармен профилактикалық кездесу «Айқын нәтиже» жоба…
  5. Sep 26, 2026В ВКО свыше 2,3 тыс пациентов обеспечены бесплатными лекарственными средствами Анализом пр…
  6. Sep 26, 2026ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегіндәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді Риддер қаласы прокур…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →