📜
Тілі ұзын әйелдерге ескерту...Әйел адам түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстаса да, алайда тіліне ие болмаса, оның жасаған салихалы амалдары оған еш пайда бермейді. Бұған дәлел келесі хадис:
عن ابي هريرة رضي الله عنه قال: قيل للنبي صلى الله عليه وسلم: يا رسول الله إن فلانة تقوم الليل وتصوم النهار، وتفعل وتصدق، وتؤذي جيرانها بلسانها فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: "لا خير فيها، هي من أهل النار"، قال: وفلانه تصلي المكتوبة وتصدق بأثوار (من الأقط) ولا تؤذي أحدا، فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: "هي من أهل الجنة".
Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымызға ﷺ:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленше бір әйел бар, ол түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстайды және көптеген садақалар таратып, жақсылықтың түр-түрін жасайды, алайда ол әйел тілімен көршілеріне азар (зиян) жеткізеді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйелде ешбір жақсылық жоқ, әрі ол – Тозақтық әйел»,- дейді. Сосын оған: «Түгенше бір әйел бар, ол тек парыз намаздарды оқиды (түнгі немесе нәпіл намаздарды оқумен танылмаған) және ол өте аз садақа береді, бірақ та ешкімге тілімен азар жеткізбейді (осындай әйел жайында не дейсіз)?»,- деп айтылады. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ: «Ол әйел – Жәннат иелерінен»,- деп жауап қатады.
📚 Бұхари, «Адаб әл-Муфрод»; 119. Хадистің сенімділігін имам Альбани растаған.
Осы хадисті түсіндіре келе,
шейх Абдурраззақ әл-Бадр (хафизаһуллаһ) былай деп айтқан:
( تؤذي جيرانها بالسانها ).
حدد نوع الأذى مثل غيبتهم وسبهم تتبع عوراتهم والتحدث عنها .. ومثل ذلك من الذي يكون باللسان.. ( لا خير فيها هي في النار )
قال رسول صلى الله عليه وسلم كلمتين عظيمتين في هذا السياق:
1. لا خير فيها_ برغم أعمالها الصالحه
2. أنها من أهل النار.
دل ذلك دلالة واضحه أن أذية الجار من الكبائر سواء باللسان أو غيره, فهو سبب في دخول النار وفيه دليل أن فعلها من الكبائر.
Пайғамбарымыз ﷺ әлгі әйелдің көршілеріне тигізетін зиянын қандай екенін нақтылап айтып кетті. Яғни, ол әйел көршілерін ғайбаттаумен, оларды сөгумен және олардың айып-кемшіліктерін айтумен айналысады. Осы сипаттағы әйел жайында пайғамбарымыз ﷺ: «Ол әйелде ешбір жақсылық жоқ»,- деді. Сондай-ақ, Аллаһ елшісі ﷺ осы жерде екі өте ауыр сөз айтты:
1. Салихалы амалдарының көптігіне қарамастан, ол әйелде ешбір жақсылық жоқ деді;
2. Ол әйел – Тозақтық әйелдердің қатарынан екенін алға тартты.
Міне, осылайша бұл хадис көршіге тілмен немесе басқа да нәрселермен азар жеткізу – үлкен күнәлардан әрі тозаққа түсіретін себептерден екеніне дәлел болады. Сонымен қатар, осылай жасау – (шынайы тәубе етуді талап ететін) үлкен күнәлардан екенін меңзейді.💽 Шарх Адаб әл-Муфрод.
Сондай-ақ, тілі ұзын әйел – күйеуінің басына түскен ең үлкен қасірет болып саналады. Бұл турасында ұлы сахаба
Омар ибн Хаттаб (Аллаһ одан разы болсын) былай деген:
وما استفاد رجل بعد الكفر بالله شرا من امرأة سيئة الخلق حديدة اللسان.
«Ер адам Аллаһқа күпір келтіруден кейін, мінезі нашар әрі тілі ұзын (тістеп сөйлейтін) әйелден асқан жамандыққа қол жеткізген емес».📚 Мусоннаф Ибн Әби Шейба; (17427).
Сондай-ақ, тілі ұзарған әйелдің күйеуімен бірге болатын күндері де қысқара беретін болады. Данагөй ғалымдардың бірі айтқандай:
المرأة إذا طال لسانها قصرت أيامها في قلب الرجل وبيته.
«Әйелдің тілі ұзарған сайын, күйеуінің жүрегі мен үйіндегі күндері қысқара бермек».#әйелдерге_насихат
📲 https://t.me/bilim_baqshasy