TGViewer
Channel Public Channel
БІЛІМ БАҚШАСЫ

БІЛІМ БАҚШАСЫ

@bilim_baqshasy

Ақырет азығына арналған арна
Subscribers
4.57K
Photos
329
Videos
26
Links
711
Recent Posts 20 shown
Post #1090 120
📝 Мотивация // амал жасау [3]

Жәннатта құрма бағы көп болуын қалайтындарға...

Хадистердің бірінде Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) былай деген:

مَنْ قَالَ: سُبْحَانَ اللهِ الْعَظِيمِ وَبِحَمْدِهِ؛ غُرِسَتْ لَهُ نَخْلَةٌ فِي الْجَنَّة.

“Субхəналлаһиль-Ъазыми уə бихəмдиһи (Өте Ұлы Аллаһты пəктеймін жəне Оған мақтаулар айтамын) деп айтқан адам үшін жəннатта бір құрма ағашы отырғызылады”.
📚 Тирмизи; (3464).
——————
Ертең біреулер жәннатта көзі жетпестей құрма бақтарға кіргізіліп жатқанда, тегін болған құрма бақтарынсыз қалып кетіп жүрмейік...

#amal

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1089 972
📝 Ешуақытта шығынға ұшырамайтын сауданың түрлері

📖 Құран оқу;
🕌 Намазды толық әрі кемел көріністе орындау;
💰Жасырын да, жария түрде садақа беру.

Бұл турасында Аллаһ Тағала былай дейді:

﴿إِنَّ الَّذِينَ يَتْلُونَ كِتَابَ اللهِ وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقْنَاهُمْ سِرًّا وَعَلَانِيَةً يَرْجُونَ تِجَارَةً لَنْ تَبُورَ﴾.

﴾Ақиқатында, Аллаһтың Кітабын оқитын, намазды кемеліне жеткізіп орындайтын әрі өздеріне ризық етіп бергенімізден жасырын да, жария да жұмсайтындар – ешқашан тоқырауға (зиянға) ұшырамайтын саудадан үміт етеді﴿.
«Фатыр» сүресі, 29-аят.

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1088 1.4K
📝 Дана сөздер топтамасы [3]

🗓 Күндерді бөлудегі керемет инсайт

Имам Холил Ибн Ахмад (Аллаһтың оған рақымы болсын) айтқан:

"أيامي أربعة، ﻳﻮﻡ ﺃﺧﺮﺝ ﻓﺄﻟﻘﻰ ﻓﻴﻪ ﻣﻦ ﻫﻮ ﺃﻋﻠﻢ ﻣﻨﻲ ﻓﺄﺗﻌﻠﻢ ﻣﻨﻪ ﻓﺬاﻙ ﻳﻮﻡ ﻓﺎﺋﺪﺗﻲ ﻭﻏﻨﻴﻤﺘﻲ، ﻭﻳﻮﻡ ﺃﺧﺮﺝ ﻓﺄﻟﻘﻰ ﻓﻴﻪ ﻣﻦ ﺃﻧﺎ ﺃﻋﻠﻢ ﻣﻨﻪ ﻓﺄﻋﻠﻤﻪ ﻓﺬاﻙ ﻳﻮﻡ ﺃﺟﺮﻱ، ﻭﻳﻮﻡ ﺃﺧﺮﺝ ﻓﺄﻟﻘﻰ ﻓﻴﻪ ﻣﻦ ﻫﻮ ﻣﺜﻠﻲ ﻓﺄﺫاﻛﺮﻩ ﻓﺬاﻙ ﻳﻮﻡ ﺩﺭﺳﻲ، ﻭﻳﻮﻡ ﺃﺧﺮﺝ ﻓﻴﻪ ﻓﺄﻟﻘﻰ ﻣﻦ ﻫﻮ ﺩﻭﻧﻲ ﻭﻫﻮ ﻳﺮﻯ ﺃﻧﻪ ﻓﻮﻗﻲ ﻓﻼ ﺃﻛﻠﻤﻪ ﻭﺃﺟﻌﻠﻪ ﻳﻮﻡ ﺭاﺣﺘﻲ".

Менің күндерім төрт түрлі:
1) Бір күні шығып өзімнен білімдірек адамды кездестіремін де, одан білім үйренемін. Міне, бұл менің – пайда мен олжаға кенелетін күнім;
2) Бір күні шығып мен одан білімдірек болған адамды кездестіріп, оған (білім үйретемін). Міне, бұл менің – сауапқа бөленетін күнім;
3) Бір күні шығып өзіммен білімде қатарлас адамды кездестіріп, онымен білім қайталаймын. Міне, бұл менің – дәріс алатын күнім;
4) Бір күні шығып өзімнен төмен болған (ешбір білімі жоқ болса да), өзін менен жоғары санайтын біреуді кездестіремін де, онымен сөйлеспеймін. Міне, осылайша бұл менің – демалатын күніме айналады.

📚 Ибн Абдуль-Барр, әл-Жəмиғ; (1/534).

#dana_sozder

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1087 1.07K
📝Мотивация // ілім іздену [2]

Білім – бірте-бірте үйренумен келеді

Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ одан разы болсын) айтты:

‏إن أحدا لا يولد عالما، وإنما العلم بالتعلم.

«Ешбір адам ғалым болып туылмайды. Білім деген бірте-бірте үйренумен беріледі».
📚 Имам Ахмад, «әз-Зуһд»; (69).

Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَٱللهُ أَخۡرَجَكُم مِّنۢ بُطُونِ أُمَّهَـٰتِكُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ شَیۡـࣰٔا﴾.

﴾Аллаһ сендерді аналарыңның ішінен шығарған кезде сендер ештеңені де білмейтін едіңдер﴿.
Нәхл сүресі, 78-аят.

Ыбырай Алтынсарин атамыздан (Аллаһ оны рахымына алсын) жеткендей:
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған,
Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған.
——————
P.S. Яғни, өмірге келгенде адамдардың барлығы ештеңені білмейтіндей бір дәрежеде болады. Содан соң оқу, үйрену арқылы білімі күннен-күнге, жылдан-жылға артып, Аллаһтың және адамдардың алдындағы дәрежесі өсе береді. Ал енді кім надан қалпында қалып қалса, онда өзін ғана кінәласын, нәпсісі мен шайтанын ғана жазғырсын! Өйткені Аллаһ Тағала оны басқалардан кем қылып немесе басқаларды одан артық етіп жаратпады, ешкімді де білімнен тоспады және бірде-бір пендесіне зұлымдық жасамады, әділетсіздік қылмады.

#ilim

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1086 917
📝 Мотивация // амал жасау [2]

🔖 Жұма – ғибадатқа арналған күн

Имам Ибн Қойим (Аллаһтың оған рақымы болсын) жұманың артықшылықтарын айтып келіп, келесідей керемет түйін жасаған:

إنه اليوم الذي يُستحب أنْ يُتفرغ فيه للعبادة، وله على سائر الأيام مَزِيَّةٌ بأنواع من العبادات، واجبة ومستحبة، فالله سبحانه جعل لأهل كلِّ ملة يومًا يتفرغون فيه للعبادة، ويتخلون فيه عن أشغال الدنيا، فيوم الجمعة يوم عبادة، وهو في الأيام كشهرِ رمضانَ في الشهور، وساعة الإجابة فيه كليلة القدر في رمضان؛ ولهذا من صح له يوم جمعته وسلم، سلمت له سائرُ جمعته، ومن صح له رمضان وسلم، سلمت له سائر سنته، ومن صحت له حجته وسلمت له، صح له سائر عمره، فيوم الجمعة ميزان الأسبوع، ورمضان ميزان العام، والحج ميزان العمر

Расында, жұма – ғибадат қылу үшін (дүниенің шаруаларынан) босау мұстахаб болып саналатын күн. Әрі ол – аптаның басқа күндеріне қарағанда уәжіп және мұстахаб болған жеке бір ғибадаттардың жасалуымен ерекшеленеді.
Ақиқатында, Аллаһ Тағала әрбір үмбетке олар ғибадат қылу үшін дүние шаруаларларынан босайтын арнайы бір күн белгілеп қойған. Ал жұма – (осы үмбет үшін) ғибадат қылуға арналған күн.
Жұма – апта күндерінің арасында Рамазан жыл айларының арасындағы мәртебеге ие. Әрі жұма күнгі дұғалар қабыл болатын, тілектер кері қайтарылмайтын сағат – Рамазанның қадір түні іспеттес. Сондықтан кімнің жұма күні дұрыс әрі сәлеметтікте өтетін болса, оның бір аптасы дұрыс әрі сәлеметтікте өтеді. Ал кімнің Рамазаны дұрыс әрі сәлеметтікте өтетін болса, оның бір жылы дұрыс әрі сәлеметтікте өтетін болады. Сол сияқты кімнің қажылығы дұрыс әрі сәлеметтікте өтетін болса, оның бүкіл ғұмыры дұрыс әрі сәлеметтікте өтпек. Себебі жұма – аптаның, Рамазан – жылдың, ал қажылық болса – ғұмырдың таразысы.
📚 Зәдуль-Мағад; (1/398).

#amal

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1085 1.08K
📌 Әйел – аманат, әрі ол қорлау үшін емес, құрметтеу үшін жаратылған

📲 https://t.me/bilim_baqshasy
Post #1083 1.29K
📝 Мотивация // амал жасау [1]

📌 Аллаһ елшісінің ﷺ өте құнды өсиеті

Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:

قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:
مَنْ يَأْخُذُ مِنِّي خَمْسَ خِصَالٍ فَيَعْمَلُ بِهِنَّ، أَوْ يُعَلِّمُهُنَّ، مَنْ يَعْمَلُ بِهِنَّ؟ قَالَ: قُلْتُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللهِ. قَالَ: فَأَخَذَ بِيَدِي فَعَدَّهُنَّ فِيهَا، ثُمَّ قَالَ: اتَّقِ الْمَحَارِمَ تَكُنْ أَعْبَدَ النَّاسِ، وَارْضَ بِمَا قَسَمَ اللهُ لَكَ تَكُنْ أَغْنَى النَّاسِ، وَأَحْسِنْ إِلَى جَارِكَ تَكُنْ مُؤْمِنًا، وَأَحِبَّ لِلنَّاسِ مَا تُحِبُّ لِنَفْسِكَ تَكُنْ مُسْلِمًا، وَلَا تُكْثِرِ الضَّحِكَ؛ فَإِنَّ كَثْرَةَ الضَّحِكِ تُمِيتُ الْقَلْبَ.

“Бірде Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сəлемі болсын): «Кім менен келесі өсиеттерді алып, оған амал етеді немесе амал ететіндерге үйретеді?»,- деген кезінде Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын): “Уа, Аллаһтың елшісі! Мен (амал етемін əрі үйретемін)”,- деп жауап береді. Сосын Абу Һурайра: “Сол кезде Аллаһ елшісі менің қолымнан алып:
1) «Аллаһтың арам еткендерінен сақтан – ең ғибадатшыл адам боласың;
2) Аллаһ саған бөліп берген ризықпен разы бол – ең бай адамға айналасың;
3) Көршіңе жақсылық жаса – мүмін боласың;
4) Өзіңе қалаған жақсылықтарды адамдарға да қала – мұсылман боласың;
5) Сондай-ақ күлкіні көбейтуші болма! Өйткені мөлшерден тыс күлкі – ЖҮРЕКТІ ӨЛТІРЕДІ»,-
деп бес өсиетті маған санап берді”,- деген.

📚 Ахмад; (8095), Ибн Мəжəһ; (4217), Тирмизи; (2305).
–——————
Уа, Аллаһым! Бізді осы құнды өсиеттерге амал еткен, əрі оларды өзгелерге үйреткен құлдарыңның қатарынан ете гөр! Əмин.

#amal

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1082 1.15K
📝 Мотивация // ілім іздену [1]

📜 Білім – пайғамбарлардың мирасы, ал ғалымдар – олардың мирасқорлары

Абу Дарда (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

مَنْ سَلَكَ طَرِيقًا يَبْتَغِي فِيهِ عِلْمًا؛ سَلَكَ الله بِهِ طَرِيقًا إِلَى الْجَنَّةِ، وَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ لَتَضَعُ أَجْنِحَتَهَا رِضًا لِطَالِبِ الْعِلْمِ، وَإِنَّ الْعَالِمَ لَيَسْتَغْفِرُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ، حَتَّى الْحِيتَانُ فِي الْمَاءِ، وَفَضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِ الْقَمَرِ عَلَى سَائِرِ الْكَوَاكِبِ، إِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ الْأَنْبِيَاءِ، إِنَّ الْأَنْبِيَاءَ لَمْ يُوَرِّثُوا دِينَارًا وَلَا دِرْهَمًا، إِنَّمَا وَرَّثُوا الْعِلْمَ، فَمَنْ أَخَذَ بِهِ أَخَذَ بِحَظٍّ وَافِرٍ

“Кімде-кім ілім алу мақсатында жолға шықса, Аллаһ оған жəннаттың жолын жеңілдетіп қояды. Расында, періштелер ілім ізденушінің ісіне разы күйде оның жолына өздерінің қанаттарын төсейді. Ақиқатында, ғалым адам үшін аспандағылар мен жердегілер, тіпті теңіздің түбіндегі китке (балыққа) дейін Аллаһтан кешірім (жарылқау) тілейді. Сондай-ақ ғалымның (қарапайым) ғибадатшыл адамнан абзалдығы – айдың аспандағы басқа ғаламшарлардың (жұлдыздардың) үстіндегі абзалдығы іспеттес. Шын мəнінде, ғұламалар – пайғамбарлардың мирасқорлары. Әрі пайғамбарлар өздерінен кейін мирас (мұра) етіп динар да, дирһам да қалдырған жоқ. Олар тек білімді ғана мирас қылып қалдырды. Сондықтан олардың мирасын алған адам – анығында ұлы бір мирасқа қол жеткізетін болады”.
📚 Тирмизи; (2682), Абу Дауд; (3641), Ибн Мəжəһ; (223), Ахмад; (21715), Дəрими; (354).

#ilim

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1081 1.06K
📝 Ислам əдептері [2]

🤲 Дұға жасағанда қол көтеру мəселесі

Сұрақ: Азан мен қаматтың арасында дұға жасаған кезде қол көтерсе болады ма?

Жауабы: Құрметті мұхаддис ғалым шейх Абдуль-Мухсин əл-Аббад (хафизаһуллаһ) айтады:

Бұл мəселеге қатысты келген жеке бір дəлелді білмейді екенмін. Алайда жоғарыда айтып кеткенімдей, дұға кезінде қол көтеру мəселесі үш жағдайдың бірінде болады:

1) Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) дұға қылғанда қол көтерді деп келген орындар мен жағдайлар. Бұл жерде қол көтерілу керек;

2) Дұға қылғанда қол көтермеді деп келген орындар мен жағдайлар. Бұл жерде қол көтерілмейді;

3) Дұға қылғанда қол көтергендігі де, көтермегендігі де айтылмаған орындар мен жағдайлар. Бұл жерде дұға қылушы адам екі қолын көтерсе де, көтермесе де бола береді.

📚 «Шарх Сахих əл-Бұхари, Китаб əд-Дағауат».

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Post #1080 1.64K
📝 Ислам әдептері [1]

💬 Отырыс әдебін сақтамау – осы заманның басты дерті

Өкінішке орай, гаджеттердің өте қол жетімді болуымен, ешбір отырыста адамдардың қолынан ұялы телефондар бір сәтке де түспейтін жағдайға жеттік. Тіпті, бір дастарханның басында бас қосқан бес адамның ойы да, көңілі де бес жақта болып отырады. Негізінде бұл нәрсе – бауырлардың бір-біріне көңілдері суып, аралары ажырауға себеп болатын факторға айналып келе жатыр. Ал пайғамбарымыз ﷺ бауырларының көңілін барлық нәрседен жоғары қоятын болған. Оған дәлел келесі хадис:

Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) былай деп жеткізген:

‏أن رسول الله ﷺ اتخذ خاتماً فلبِسه فقال: شغلني هذا عنكم منذ اليوم، إليه نظرةٌ وإليكم نظرةٌ، ثم ألقاه.

Бірде Аллаһ елшісі ﷺ өзіне жүзік жасатып, оны тағып алады. Сөйтіп: «Мынаған бір, сендерге бір қараймын деп, мына жүзік күні бойы менің көңілімді сендерден алаңдатып қойды»,- деді де, оны шешіп тастайды.
📚 Нәсәи; (5289), Ахмад; (2960).

Міне, бұл – пайғамбардың ﷺ отырыстардағы әдебі мен сүннеті, ал сіз кімнің жолындасыз?!

#Islam_adepteri

https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1079 1.57K
📝 Дана сөздер топтамасы [2]

Абу Хасан ибн Қуфль (рахимаһуллаһ) былай деген:

«خمس خصال في الأطفال لو كانت في الكبار مع ربهم لكانوا أولياء:
لا يهتمون بالرزق،
ولا يشكون من خالقهم إذا مرضوا،
ويأكلون الطعام مجتمعين،
وإذا خافوا جرت عيونهم بالدموع،
وإذا تخاصموا تسارعوا إلى الصلح».

«Балаларда кездесетін бес сипат үлкендердің Раббысымен болған қарым-қатынастарында көрініс тапқанда, онда олар сөзсіз әулиеге (Аллаһтың достарына) айналған болар еді:
1. Ризық мәселесін уайымдамау;
2. Ауырып қалса, Жаратқан Раббысы жайында күмән келтірмеу;
3. Жиналған күйде тамақ ішу;
4. Қорықса, көздері жасқа толу;
5. Кектесіп қалса, достасуға асығу».

📚Хуснуль-Мухадора; (1/521).

#dana_sozder

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1077 2.43K
💡 Қанағатшылдық – бақыт пен береке кепілі

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿وَإِذۡ تَأَذَّنَ رَبُّكُمۡ لَئِن شَكَرۡتُمۡ لَأَزِیدَنَّكُمۡۖ وَلَئِن كَفَرۡتُمۡ إِنَّ عَذَابِی لَشَدِیدࣱ﴾.
⠀
﴾Раббыларың былай деп жариялады: «Егер шүкір етсеңдер, (нығметтерімді) арттыра беремін, ал егер күпір етсеңдер, онда Менің азабым тым қатты»﴿.
«Ибраһим» сүресі, 7-аят.

Хадистердің бірінде пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан:

«إنَّ اللهَ تعالى يَبتلي العبدَ فيما أعطاه، فإنْ رضيَ بما قسمَ اللهُ له بُورِك له فيه ووسِعَه، وإنْ لم يرضَ لم يُبارَك له، ولم يزِدْ على ما كُتِبَ له».

«Ақиқатында, Аллаһ Тағала құлына берген нәрселері арқылы оны сынайды.
Егер пенде Аллаһтың өзіне белгілеп берген несібесіне разы болса, Аллаһ оған ол нәрседе береке береді және оны кеңейтеді. Ал егер наразы болса, онда оған береке берілмейді, әрі оған жазылған несібеден артық нәрсе келмейді».

📚 Сахих әл- Жәмиғ; (1869).

Ақындардың бірі айтқандай:

Бір науқас жан:
"Өмір бер", – деп, "Мәрт Алла!",
Жаратқанға жалынады әр таңда.
Бір сау адам дүниеден баз кешіп,
Өлгісі кеп жүгіреді арқанға.

Бір бай адам ақша шашып бекерге,
Апта сайын қыдырады шет елге.
Бір жақыбай тарығады теңгеден,
Тиын таппай қара нан мен шекерге.

Бір аналар (анадан ол садаға)
Сәбилерін лақтырады далаға.
Бір отбасы барын жұмсап, шашылып,
Өмір бойы зар болады балаға.

Аз ғұмырда бір мұңайған, бір күліп,
Кімнің жайын жатыр дейсің кім біліп?!
Түсінгенім — біреу үшін арзан бақ,
Біреу үшін баға жетпес құндылық!

#шүкір #қанағат #бақыт #береке #manyzdy_maqala

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1076 2.12K
📝 Бала тәрбиесі [7]

Баланы бала күннен білімге баулу турасында

Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқан:

«مَن رُزِقَ ولدًا فليجتهد معه، والتوفيق من وراء ذلك، فينبغي له أن يُعوِّده النظافة والطهارة من الصغر، ويُشفِّقه بالكلام، فإذا بلغ خمس سنين فينبغي أخذه بحفظ العلم، فإن الحفظ في الصغر نقشٌ في حجر، ومتى بلغ الصبي ولم تكن له همة تحثه على اكتساب العلم بعدُ فلا فلاح له».

«Кімге перзент нәсіп болса, онымен бірге білім мен тәрбие жолында бар күшін салуға тырыссын. Ал тауфиқ (туралық) – [Аллаһтың қалауымен] соның артынан келеді. Сондай-ақ баланы кішкентайынан тазалық пен ұқыптылыққа үйретіп, көркем сөзбен сөйлеуге баулығаны жөн. Сонымен қатар бес жасқа толған кезде оны білім (Құран және хадис) жаттауға баулу керек. Себебі балалық шақта жатталған білім – тасқа қашалған нақыш секілді берік орнығады. Ал бала ер жеткенде оны білім іздеуге жетелейтін талпынысы болмаса, одан кейін игілікке жетуі қиын».
📚Имам Ибн Жәузи, «әл-Хасс ʿалә хифзи әл-ʿилм уа зикру кибар әл-хуффаз»; (37).

#bala_tarbiesi

🔗 t.me/bilim_baqshasy
Post #1075 2.01K
📝 Бала тәрбиесі [6]

Балаңыздың немен дос болып жүргеніне мән беріңіз!

Шейх Абдур-Раззақ әл-Бадр (Аллаһ ол кісіні сақтасын) айтады:

“Қазіргі заманда балаға жаңа, заманауи әрі бұрын соңды кездеспеген достың бір түрі пайда болды. Сондай-ақ оның әсері адамның әсерінен кем емес. Ол – ұялы телефондар арқылы қаралатын телеарналар, интернет сайттары және әлеуметтік желілер.
Егер де бұл құрылғылар (ұялы телефон, планшет, компьютер және т.б аппараттар) ата-ананың қадағалауымен ғана пайдаланылмаса, оның баланың санасы мен дініне, мінез-құлқы мен әдебіне қатері тым үлкен болмақ. Қаншама жасөспірімдер мен бойжеткен қыздар осы нәрселер себепті адасып, бұзылып, нәтижесінде шегі мен мөлшерін бір Аллаһ қана білетін үлкен бәлелер мен жамандықтарға жолыққан”.

📚 Бала тәрбиесіндегі негіздер; (20).

——————
#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1074 2.5K
📝 Бала тәрбиесі [5]

Балалардың арасын бөліп-жармау...

Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһуллаһ) айтты:

«Балалардың арасында біреуін ерекше жақсы көруді және оларға деген махаббаттағы теңсіздікті ашық түрде көрсету – шеттетіліп қалған балалар ертең ата-аналарына тілазарлық қылуға алып барады. Сондықтан да Йусуфтың бауырлары әкелері Йусуфты басқа балалрынан артығырақ жақсы көретінін көрген кезде, жасаған опасыздықтарын жасады. Аллаһ Тағала айтқандай:
﴾Кезінде олар: «Біз бір әкеден тараған ағайындылар болсақ та, әкеміз Йусуфты және оның інісін бізден артық жақсы көреді, демек әкеміз анық адасудың (қателіктің) үстінде екен. Сондықтан Йусуфтың көзін құртыңдар немесе оны бір жерге апарып тастаңдар, сонда әкелеріңнің жүзі (сезімі) сендерге бұрылады»,- деп айтты﴿.

Йусуф сүресі, 8-9 аяттар.

Ал егер бір адам балаларының бірін басқаларынан қарағанда көбірек жақсы көрсе, онда ерекше сөзімін сөздермен не сыйлық берумен болса да, басқа балаларына білдіруші болмасын. Бар болғаны ішіндегі сезім болып қала берсін. Ал сыртқы мәміледе (қарым-қатынаста) -егер балалары кішкентай болса- онда оларды сүюде, иіскеуде, оларға сыйлықтар мен тәттілерді алып беруде олардың арасында теңдік пен әділдік қылсын».
📚 Шарх Сунан Нәсәи.

——————
#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #1073 1.86K
❗️Бала тәрбиесіндегі өте маңызды мәселе

⬇️ Аудармасы астында ⬇️
Post #1072 2.36K
📝 Бала тәрбиесі [4]

Балаға беретін махаббаттың мөлшері

Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқан:

ينبغي أن تكتم بعض حبك للولد، لأنه يتسلط عليك ويضيع مالك ويبالغ في الإدلال، ويمتنع عن التعلم والتأدب.

«Балаңа деген махаббатыңның кейбір тұстарын жасыра біл. Өйткені (егер оған деген бар сезіміңді көрсетіп қоятын болсаң) балаң сенің басыңа шығып алады, мүлкіңді талаң-таражға салады және тәртіпсіз болуда шектен шығады, сондай-ақ білім алу мен дұрыстыққа тәрбиеленуден түбегейлі бас тартады».
📚 Сойдуль-Хотир; (1/175).

#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Older posts →

About this channel

How can I read @bilim_baqshasy without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for БІЛІМ БАҚШАСЫ: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does БІЛІМ БАҚШАСЫ have?
БІЛІМ БАҚШАСЫ (@bilim_baqshasy) has 4.57K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does БІЛІМ БАҚШАСЫ know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →