TGViewer
ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ @erli_zaiyp · 474 subscribers
Post #347 546
Әйелдер төрт санаттың біріне жатады

Әйелдердің кейбір санаттары туралы айтудың уақыты келді. Сен де өзіңнің қай санатқа жататыныңды қара.

✍🏼 Ибн Хиббан «Нузхату әл-фудолә» кітабында әл-Хаттаб ибн әл-Муаллә әл-Махзумидің ұлына айтқан өсиетін келтірген. Ол сөзін аяқтай келе былай дейді:
«Біл, әйелдер бір-бірінен қолдың саусақтарынан да қатты ерекшеленеді. Олардың ішіндегі азап келтіру үшін жаралған әрбір жаман мінезді әйелден сақ бол. Ондай әйелдерге мыналар жатады:

👉🏼1) Өзін жоғары ұстайтын, күйеуін менсінбейтін әйел.
Егер күйеуі оған құрмет көрсетсе, ол оны солай болуы тиіс деп қабылдайды. Ол жасалған жақсылыққа ризашылық білдірмейді және азға қанағат етпейді. Оның тілі күйеуі үшін ұшқындаған қылыштай болады, ұятсыздық оның бетінен ұятшылдық пердесін жұлып тастайды, ол тіпті көршісінен де ұялмайды. Мұндай әйел үргіш, ашулы, қабаған ит секілді. Бұл әйелдің күйеуінің жүзі мұңды, ал ар-намысы қорланған болады. Ол дін үшін де, дүние тіршілігі үшін де, махаббат үшін де, көп бала үшін де күйеуіне қамқорлық жасамайды. Оның күйеуінің сырлары әшкере, ал жасаған жақсылығы жерленген болады. Куйеуі таңды күйінген күйде, ал кешті ашумен қарсы алады. Күйеуінің сусыны – күйініш, тағамы – ашу, баласы жоғалған, үйі қараусыз қалған болады. Күйеуінің киімі лас, басы сабалақ болады. Ол күлсе – аз күледі, сөйлесе – солғын сөйлейді. Оның күні – түн, түні – қайғы. Мұндай әйел күйеуін жылан немесе шаян сияқты шағады.

👉🏼2) Мiнезi нашар, зәрлі бажылдақ, өсек тарататын, әр желмен желпiп, әр қанат иесiмен ұшатын әйел. Егер күйеуі «Жоқ» десе, ол «Иә»,- дейдi; егер күйеуі «Иә» десе, ол «Жоқ», - дейді. Күйеуін ұятқа қалдырады және оның иелігіндегіні менсінбейді. Күйеуімен салғыласады, оны басқа еркектерден өзін төмен сезінуге мәжбүрлейді, оның көңіл-күйін өзгертуге ықпал еткені сонша, күйеуі өз үйін жек көріп, өз баласынан жалыға (немесе безе) бастайды. Оның өмірі нашарлап, титықтағаны сонша, бауырлары оны танымайтындай, ал көршілері оны аяйтындай болады.

👉🏼3) Ақымақ, жетесіз әйел. Орынсыз қылымситын, тілін шайнап, орынсыз сөйлейтін әйел. Ол күйеуінің махаббатына және оның тапқанына масайраған. Ол еркін жайылып жүрген есектер сияқты ішіп-жейді. Күн шықса да, оның даусы естілмейді, үйі жиналмайды. Оның тамағы тұрып қалған, ыдыстары кір, қамыры қышқыл, суы болар-болмас жылы. Үй ыдыстары көгеріп өсіп кеткен. Оның майда ыдыстарын ешкімге алуға болмайды. Оның үй қызметшісі ұрып-соғылған, ал көршісі оның қаһарына ұшыраған болады.

👉🏼 4) Нәзік, сүйетін, берекелі, бала туатын әйел. Ол (күйеуі) жоқта сенімді, көршілерге ұнамды, жасырын және ашық мақтауға лайық, жарының құқығын құрметтейді. Мұндай әйел көп қасиетке ие, дауысын бәсеңдетіп сөйлейді. Оның үйі таза, қызметшісі тоқ. Баласының өңі жақсы. Оның жақсылығы тұрақты, күйеуі бақытты. Ол – нәзік, сүйікті, адамгершілік пен жақсы мінез-құлыққа ие.

Аллаһ сені тура жолмен жүретіндердің, тақуалардың, Аллаһтың ашуына ұшырататын нәрселерден аулақ жүретіндердің және Оның разылығына бөлейтін нәрселерді жақсы көретіндердің қатарынан етсін».

📚«Раудату әл-ғуқәлә уә нузхату әл-фудолә» (202 бет).

Бұл үзінді шейх Бадр әл-Утайбидің "Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" кітабынан алынды. Аллаһ Тағаладан кітаптың толық нұсқасын жақын арада "Абу Ханифа мирасы" кітап сөресінен көруімізді нәсіп етуін сұраймыз.
More from @erli_zaiyp
  1. Sep 18, 2026🔉 من سلسلة المواعظ والخطب "مفتاح الجنة" الأسرة في الإسلام اللغة القازاقية المترجم طلعت أب…
  2. Sep 18, 2026photo post
  3. Aug 21, 2026📜 Тілі ұзын әйелдерге ескерту... Әйел адам түні бойы намаз оқып, күні бойы ораза ұстаса д…
  4. Aug 9, 2026📌 Бақыт пен бақытсыздың белгілері Хадистердің бірінде Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы…
  5. Aug 2, 2026⚜ Имам ән-Нәуауидің "Рияду-с-салихин" кітабына шейх Ибн Усайминнің жасаған шархынан таңдау…
  6. Jun 9, 20261920 - Ибн Умар Пайғамбардың ﷺ былай дегенін баяндаған: «Аллаһ Тағаланың алдындағы ең ауыр…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →