📌 Ризықты шақыратын және оны қашыратын істер
Имам Ибн Қойим (рахимаһуллаһ) айтқан:
ﺃﺭﺑﻌﺔ ﺗﺠﻠﺐ اﻟﺮﺯﻕ: ﻗﻴﺎﻡ اﻟﻠﻴﻞ، ﻭﻛﺜﺮﺓ اﻻﺳﺘﻐﻔﺎﺭ ﺑﺎﻷﺳﺤﺎﺭ، ﻭﺗﻌﺎﻫﺪ اﻟﺼﺪﻗﺔ، ﻭاﻟﺬﻛﺮ ﺃﻭﻝ اﻟﻨﻬﺎﺭ ﻭﺁﺧﺮﻩ. ﻭﺃﺭﺑﻌﺔ ﺗﻤﻨﻊ اﻟﺮﺯﻕ: ﻧﻮﻡ اﻟﺼﺒﺤﺔ، ﻭﻗﻠﺔ اﻟﺼﻼﺓ، ﻭاﻟﻜﺴﻞ، ﻭاﻟﺨﻴﺎﻧﺔ.
Төрт нәрсе ризықты шақырады:
1) Түнгі намаз (тәһәжуд);
2) Түннің соңғы бөлігінде көп кешірім тілеу;
3) Жиі-жиі садақа беру;
4) Таңғы және кешкі зікірлерді айтып жүру.
Сондай-ақ ризықты тосатын нәрселер де төртеу:
1) Таңнан (намаздан) кейін ұйықтау;
2) Өте аз мөлшерде намаз оқу (мүлде намаз оқымау немесе парыз намаздармен ғана шектелу);
3) Жалқаулыққа бой алдыру;
4) Қиянат қылу.
📚Зәд әл-Мәғад; (4/378).
#paidaly_maqala
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Post #360
419
Forwarded from БІЛІМ БАҚШАСЫ
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна