✨ Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне
шейх Ибн әл-Усайминнің шархынан таңдаулы тарауларды оқып аудару
✅ 85-тарау: Сырларды сақтау туралы
Аллаһ Тағала былай деді:
{ وَأَوۡفُوا۟ بِٱلۡعَهۡدِۖ إِنَّ ٱلۡعَهۡدَ كَانَ مَسۡـُٔولࣰا }
"Әрі келісімді орындаңдар, расында, келісімдер сұралады" ("әл-Исра" сүресі, 32-аят).
Абу Сағид әл-Худриден (Аллаһ разы болсын) Аллаһ Елшісінің былай дегені жеткізіледі: "Расында, Қиямет күні Аллаһтың алдындағы ең жаман адамдар – бұл әйелімен жақындасып, сосын соны адамдарға ашатын еркек және ерімен жақындасып, кейін соны басқаларға ашатын әйел".