📖Жаңа кітап: Шейх Бадр әл-Утайби:
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құруға дейінгі жиырма кеңес"
"...Ажырасқан отбасыларға мұқият қарасақ, ондағы басты мәселе – отбасылық өмірдің негіздері мен отбасы құқықтары туралы білімнің жоқтығы екенін түсінеміз. Бұл әсіресе біздің заманымызға қатысты, себебі қазіргі қоғамда исламдық мінез-құлық принциптеріне қатысты білімсіздік басым болып тұр. Демек, мұсылман әйел кейбір мәнерлер, өнегелер мен өсиеттер туралы білуі тиіс, өйткені олар оны көріктендіреді және оған көркем әдеп сақтауға мүмкіндік береді.
Маған тұрмыс құрғысы келетін мұсылман әйелдер көп келді. Олар отбасылық өмірге қадам басуға шешім қабылдаудың алдында өздеріне өсиет беруді сұрайтын. Мен оларға уақытым жеткенше жауап жаздым. Осылайша, мен отбасылық өмірдегі қанағаттанарлық өнегелі мінез-құлықтың бірқатар негізгі қағидаларын жинақтадым, олар әйелге күйеуінің жүрегін жаулап алуға және оның махаббатына қол жеткізуге мүмкіндік береді, және отбасылық қарым-қатынастың баянды болуына себеп болады. Мен бұл өсиеттерді тұрмысқа шыққалы жатқан өзімнің туған әпке-қарындастарыма және басқа да мұсылман әйелдерге арнап жаздым әрі материалды оқуға оңай болатындай етіп барынша қысқаша баяндауға тырыстым.
Бадр әл Утайби
Post #350
601
Forwarded from ИСЛАМИ КІТАПТАР СӨРЕСІ
