🔴"Көптен бері хабар жоқ". Қытайда қамауда отырған қазақ ақыны Білісбек Әбдіразақтың тағдыры
Қытайда тұратын қазақ ақыны Білісбек Әбдіразақтың тергеуге алынғанына тоғыз айдың жүзі болған. Туыстары оған нақты қандай айып тағылғанын білмейді. Қаламгерлер ақынның Қытайдағы саясат қатаңдамай тұрған кездегі шығармалары ілік болды ма деген күдік келтіреді. Бірнеше кітаптың авторы Білісбек Әбдіразақ Шыңжаңда ғана емес, Қазақстандағы әдеби ортаға да танылған. 2000-жылдары Қазақстанға келіп, ҚазҰУ-да білімін жетілдірген, түрлі деңгейдегі мүшәйраларға қатысқан. Биыл бір топ ақын-жазушы оған араша сұрап, Қазақстан президентіне хат жазған.
🔗Толығырақ оқыңыз
Post #35578
1.11K

- 🤔 14
- 🤬 5
- 😢 4
- ❤ 1
- 😱 1