TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35658 972
🥇 Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Энн Карсонға берілмек

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын канадалық жазушы әрі ақын Энн Карсон алады. Бұл туралы 8 қазанда Стокгольмдегі Швеция академиясы хабарлады.

Сыйлық қаламгерге "классикалық дәстүрмен үндесе отырып, қазіргі заман әдебиетінің тың формаларын қалыптастырған батыл әрі тапқыр шығармашылығы үшін" берілмек.

76 жастағы Энн Карсон поэзия, проза, эссеистика мен антикалық мифологияны шебер ұштастырған туындыларымен танымал. Автордың белгілі кітаптарының бірі – "Қызылдың автобиографиясы" (Autobiography of Red) атты өлеңмен жазылған роман.

Сейсенбіден бері химия, физика, медицина мен физиология салаларында Нобель сыйлығын алуға лайық деп танылған адамдардың аты-жөні жарияланған.

Нобель апталығы кестесіне сәйкес, енді 9 қазанда Ослода Бейбітшілік сыйлығының иегері, ал 12 қазанда 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі Альфред Нобельдің құрметіне тағайындаған экономика ғылымдары бойынша сыйлық кімге берілетіні белгілі болмақ.
  • ❤ 13
  • 👍 3
  • 🔥 2
More from @azattyq
  1. Oct 9, 2026Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша бұрынғы жоғарғы комисс…
  2. Oct 9, 2026Қазақ-қырғыз музыкасындағы трендке не себеп?
  3. Oct 9, 2026Қазақстанда Ресей өтінішімен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская босатылды Бұл жөнін…
  4. Oct 9, 2026Рубио: Ресейдің Украинадағы соғысы аймақтық қақтығысқа ұласуы мүмкін АҚШ мемлекеттік хатшы…
  5. Oct 9, 2026Журналист Асхат Ниязов Бұтақты шатқалында қалай құрылыс жүріп жатқаны жөнінде видео жариял…
  6. Oct 9, 2026Киев мэрі тұрғындарға мүмкіндігінше қаладан кетуге кеңес берді Киевтің мэрі Виталий Кличко…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →