TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35660 954
Киев мэрі тұрғындарға мүмкіндігінше қаладан кетуге кеңес берді

Киевтің мэрі Виталий Кличко Ресей әскерінің шабуылына байланысты қала тұрғындарын уақытша астанадан кетуге шақырды.

France-Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Кличко қала “тірі қалу” режиміне көшетінін айтып, Ресей әскері маңызды инфрақұрылым нысандарын соққылап жатқандықтан
жаппай дағдарыс қаупі туындағанын жеткізді.

8 қазанда күндіз және кешке Ресей әскері Киевтегі ең ірі энергетика нысандарына шабуылдаған. Бұл жөнінде Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады.

Қалада жарық өшіп, метроның жұмысы уақытша тоқтатылды. Бейсенбі күні кешке Киевтің кәріз жүйесі уақытша істемей қалғаны белгілі болды.

“Қанша жақсы дайындалсақ та, егер әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істемесе, жағдайымыз мүшкіл болуы мүмкін” деді Кличко AFP агенттігіне.

Дегенмен Киев мэрінің сөзінше, мәселе толық эвакуация жөнінде болып отырған жоқ, себебі бұл “қаңыраған қалаларды алу үшін Путин күткен ең жақсы сценарий болмақ”.
  • 😢 17
  • ❤ 7
  • 🤬 2
  • 👎 1
  • 😱 1
More from @azattyq
  1. Oct 10, 20267-9 қазан арасында Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарынан 70-тен аса адам қаза тауып…
  2. Oct 9, 2026Алматы түбінде жануарларды ұстайтын орын иесін өлтіріп кеткен. Полиция тергеу жүріп жатқан…
  3. Oct 9, 2026Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбі…
  4. Oct 9, 2026Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша бұрынғы жоғарғы комисс…
  5. Oct 9, 2026Қазақ-қырғыз музыкасындағы трендке не себеп?
  6. Oct 9, 2026Қазақстанда Ресей өтінішімен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская босатылды Бұл жөнін…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →