TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35667 757
Алматы түбінде жануарларды ұстайтын орын иесін өлтіріп кеткен. Полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады

Алматы облысында бұралқы иттерді ұстайтын "Твардовский дом" негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өлімі тергеліп жатыр. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қатысты тұлғаларды ұстауға бағытталған тиісті тергеу және жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр" деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Тепляковтың қазасы туралы жазбалар әлеуметтік желіде 8 қазанда пайда болды. Қолданушылар оның қазасына орай көңіл айтып жатыр. Ізінше желіде оны өлтіріп кеткені жөнінде ақпарат шықты.

Владимир Тепляков он жылдан астам уақыт бойы "Твардовский дом" орнын азық-түлік және өзге де заттармен қамтамасыз еткен. Қазір ондағы иттер мен мысықтардың күтімсіз қалғаны хабарланды. Қыс жақындаған тұста "Твардовский дом" үйін сақтап қалу үшін қаражат та жинастырылып жатыр.
  • 🤔 12
  • ❤ 4
  • 😁 1
  • 🤬 1
More from @azattyq
  1. Oct 9, 2026Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбі…
  2. Oct 9, 2026Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша бұрынғы жоғарғы комисс…
  3. Oct 9, 2026Қазақ-қырғыз музыкасындағы трендке не себеп?
  4. Oct 9, 2026Қазақстанда Ресей өтінішімен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская босатылды Бұл жөнін…
  5. Oct 9, 2026Рубио: Ресейдің Украинадағы соғысы аймақтық қақтығысқа ұласуы мүмкін АҚШ мемлекеттік хатшы…
  6. Oct 9, 2026Журналист Асхат Ниязов Бұтақты шатқалында қалай құрылыс жүріп жатқаны жөнінде видео жариял…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →