Рубио: Ресейдің Украинадағы соғысы аймақтық қақтығысқа ұласуы мүмкін
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейдің Украинаға қарсы соғысы тығырыққа тірелгенін, алайда тараптардың бірі жағдайды өзгерту үшін қауіпті әрекеттерге барса, қақтығыс кең ауқымды аймақтық соғысқа ұласуы мүмкін екенін ескертті.
НАТО мүшелері – Исландия, Грекия және Португалияға жасаған сапарының соңғы аялдамасы Лиссабонда сөйлеген Рубио Вашингтон соғысты түптің түбінде келіссөз арқылы реттеу қажет деп санайтынын және дипломатиялық күш-жігерге жәрдемдесуге дайын екенін айтты.
Рубио бұл сөзді айтқанда Украинаның Краматорск қаласына ондаған адамның қазасына әкелген шабуыл жасалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 8 қазан күні қаладағы екі автобусқа жасалған соққыдан кемі 33 адам мерт болған.
Азаттық тілшісі мемлекеттік хатшыдан Ресейдің Украинаға шабуылы және НАТО-ның шығыс шекарасындағы қауіпсіздік жайлы сұрады. Рубио бұл қақтығысты тығырыққа тірелген "өте қауіпті соғыс" деп атап, мұндай соғыс әдетте келіссөзбен немесе эскалациямен аяқталады деді.
Бірінші нұсқа қос тараптан күрделі компромисті қажет етеді. Екінші нұсқада не Ресей, не Украина әскери тепе-теңдікті өзгерту үшін соғысты ушықтыруға баруы ықтимал. "Бұл өте қауіпті" деді Рубио.
Post #35662
911

- ❤ 9
- 🔥 4
- 👍 1
- 😁 1