TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35663 3.84K
Azattyq - Азаттық Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан жағына қайырылып, өзінің немересін алуға Астанаға барып, ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады. Бұл жөнінде Азаттықтың Украин…
Қазақстанда Ресей өтінішімен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская босатылды

Бұл жөнінде оның адвокаты Алексей Прянишников “Неміс толқынына” хабарлады. Рожанская Еуроодақ елдерінің біріне ұшып кеткен.

Басылымның жазуынша, Рожанскаяны босатуға Украина билігі, атап айтқанда сыртқы істер министрлігі мен омбудсмен күш салған. Бұған дейін адвокат “Қазақстан Украинамен Рожанская бойынша конструктивті диалог жүргізіп жатқанын” хабарлаған еді.

1 қазанда Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған. Ақпаратқа қарағанда, Ресейдегі қызы мен оның екінші күйеуі “өзара келісімге сәйкес” Рожанскаяға немересін Астанаға ұшаққа отырғызып жіберуі керек болған. Немересін Ресей жағы ақыры жібермеген.
  • ❤ 21
  • 🔥 7
  • 👍 3
More from @azattyq
  1. Oct 10, 2026Каспийде қаза болғандардың отбасына берілетін өтемақы мөлшері жарияланбайды Маңғыстау облы…
  2. Oct 10, 2026"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға…
  3. Oct 10, 2026АҚШ Ресеймен дизель бойынша операцияларға рұқсат берді 9 қазанда АҚШ қаржы министрлігі рес…
  4. Oct 10, 2026📹 Литвада мұсылмандарға қысым көрсетіліп жатыр ма? Литвада Орталық Азия елдерінің 29 мыңғ…
  5. Oct 10, 2026Саят Исанов Қазақстан қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына т…
  6. Oct 10, 2026Ресейде Қазақстан азаматын Украинаға тыңшылық жасады деп айыптап отыр Қазақстан азаматы Ро…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →