TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35673 962
"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға келісті

Қазақстанның "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық уран компаниясы ресейлік "Росатомға" қатысы бар Uranium One Group кәсіпорнына табиғи уран тасымалдау туралы шешімді мақұлдамады. Тиісті шешімді "Қазтомпромның" акционерлері 7 қазан күнгі кезектен тыс жиналыста қабылдады деп хабарлады компания.

Дауыс беруге қатысқан акционерлердің 88,4 пайызы жиналыс кезінде дауыс беруден қалыс қалды. Қатысушылардың 5,39 пайызы келісімшартты қолдап дауыс берді, ал 6,27 пайызы қарсы болды.

"Қазатомөнеркәсіп" жай-жапсарын ашып жазбады. Жиналысқа қатысушылардың Uranium One Group компаниясымен жасалуы мүмкін келісімге не үшін қарсы болғаны белгісіз.

Дегенмен сол акционерлер жиналысында тағы бір келісім – қытайлық State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited (SNURDC) компаниясымен келісім мақұлданды. "Қазатомөнеркәсіп" уран концентратын сатып алу-сату туралы келісімшартты мақұлдады. Уран мен отын жинақтарын жеткізуге жауапты қытайлық SPIC еншілес компаниясымен жасалған келісімнің құны жарияланбады.
  • 👍 33
  • ❤ 3
  • 👎 3
  • 🔥 1
More from @azattyq
  1. Oct 11, 2026Зеленский: егер Ресей Украина энергетикасына соққы жасауын доғарса, Украина Ресейдің мұнай…
  2. Oct 11, 2026Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына соққысы кезінде кемінде 12 адам қаза болды Йемендік хуситтер…
  3. Oct 11, 2026Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады Шымкентте…
  4. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталығына үшінші рет шабуыл жасалғаны хабарланды. Ресей мен тағы бірнеше…
  5. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталықтарына дрон шабуылынан кейін Қазақстанда компанияның қызметінде ақа…
  6. Oct 11, 2026Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деп санайды Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарын…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →