TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35681 4.29K
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде жұрт қысылысып, 18 жастағы қыз зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Туыстары Ulysmedia-ға сүрініп қалған қызды жұрт таптап кеткенін айтқан.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

“Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылардың әрекетіне “құқықтық баға беріліп”, “тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”.

Концерт 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда болған. Желіде қолданушылар концертте көп адам болғанын, кейбір адамдардың жүрегі қысылып, құлап қалғанын жазды.
  • 😱 23
  • 😁 6
  • ❤ 3
  • 💩 2
  • 👎 1
  • 🤬 1
  • 🤣 1
More from @azattyq
  1. Oct 12, 2026Украина шабуылынан соң Яндекс Қазақстанда да жұмыс істемей қалды. Қазақстанда Яндекстің ор…
  2. Oct 12, 2026🌟 Газ қоры мол Қазақстан мен Өзбекстан неліктен Ресейге тәуелді болып барады? Совет одағы…
  3. Oct 12, 2026🏅 Экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық екі ғалымға беріледі 2026 жылғы экономика с…
  4. Oct 12, 2026📝 Тоқаев елдегі мәслихаттардың бәрін таратып, кезектен тыс мәслихат сайлауын өткізуді ұйғ…
  5. Oct 12, 2026🛢️Трамп Ресейден жанармай алмақ. Бұл келісімнен пайда бар ма? АҚШ президенті Дональд Трам…
  6. Oct 12, 2026▶️ Харьковте ресейлік дрон көпқабатты үйге түсіп, бес адам жараланған 12 қазан таңертең Ре…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →