TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35694 807
🛢️Трамп Ресейден жанармай алмақ. Бұл келісімнен пайда бар ма?

АҚШ президенті Дональд Трамп жұмада Путинмен «дизель келісімін» жасағанын мәлімдеген. Трамптың сөзінше, Ресей алдымен АҚШ-қа 300 мың тонна дизель, қарашада 500 мың тонна дизель, кейін 1 млн тонна дизель жібермек. АҚШ президенті осы арқылы дизель бағасын түсіремін дейді. Осыдан соң АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдетті.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімді сынға алып, «соғысты қаржыландыру» деді.

🔹Сарапшы не дейді?

Ал экономика ғылымдарының докторы Игорь Липсиц бұл келісімнің пайдасы аз деп санайды.

— Трамптың миллион тонна дизель деген мәлімдемесі Ресейдегі жағдайды ескерсек, өте күлкілі естіледі. Әзірге сөз мыңдаған тонна туралы болып тұр. Бұл талқылауға тұрмайды. [Трамп] АҚШ-тағы жанармай бағасы нашарлаған тұста жұрттың назарын басқа жаққа бұру үшін түрлі әрекеттерге барып жатыр. Бірақ мұның ешқандай экономикалық мәні жоқ. Дегенмен Трамп осы арқылы қысымды, халықтың ашуын сәл де болса азайтуға, алдағы сайлауда Республикалықтарға дауыс бермеймін деген жұртты ойынан қайтаруға тырысып жатыр, — дейді экономист.

АҚШ Конгресі Трамптың Ресеймен келісімін сынға алып жатыр. Өкілдер палатасындағы республикашылдар мен демократтар Ресейден дизель алуды шектеу үшін әрекет жасап көрмек.
  • 🤬 13
  • 😢 5
More from @azattyq
  1. Oct 12, 2026Украина шабуылынан соң Яндекс Қазақстанда да жұмыс істемей қалды. Қазақстанда Яндекстің ор…
  2. Oct 12, 2026🌟 Газ қоры мол Қазақстан мен Өзбекстан неліктен Ресейге тәуелді болып барады? Совет одағы…
  3. Oct 12, 2026🏅 Экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық екі ғалымға беріледі 2026 жылғы экономика с…
  4. Oct 12, 2026📝 Тоқаев елдегі мәслихаттардың бәрін таратып, кезектен тыс мәслихат сайлауын өткізуді ұйғ…
  5. Oct 12, 2026▶️ Харьковте ресейлік дрон көпқабатты үйге түсіп, бес адам жараланған 12 қазан таңертең Ре…
  6. Oct 12, 2026👮‍♀️🆘 "Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті т…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →