TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35700 905
💥 Ресей Киев пен Харьковтегі тұрғын үйлерді атқылап, бірнеше адам қаза тапқан

Дүйсенбі кешке Киевтегі 25 қабатты тұрғын үйге ресейлік дрон шабуылдады. Прокуратура мәліметінше, екі адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланған.

Соққы салдарынан ғимараттың екі қабатындағы пәтерлер өртеніп, кемінде 12 көлік пен екі мотоцикл жанып кеткен.

Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский зардап шеккендер саны тоғыз адамға жеткенін мәлімдеді.

"Бұл — Ресейге қысымды күшейту керектігінің кезекті дәлелі. Олар қатыгез шабуылдарды әлі де жалғастырып, соғысты созып отыр. Тіпті қазіргі уақытта да АҚШ-тың ұсынысына "шахедтермен" жауап беріп жатыр. Құрама Штаттар Ресейдің осы қадамдарын ескеріп, батыл әрекет етеді деп сенеміз" деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.


12 қазан кешке Харьков қаласы да дрон шабуылына ұшырады. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Синегубов бес қабатты тұрғын үйге дрон түсіп, алты адам зардап шеккенін хабарлады.

"Жараланғандар арасында 19 жастағы жігіт ауыр халде, ол қатты күйіп қалған" деді Синегубов.


Ал қала басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, Ресей күштері Харьковке "Бандероль" дрондарымен шабуыл жасалған. Кейінгі дерек бойынша, кемінде алты жер үй бүлінген.
  • 🤬 29
  • 😭 5
  • ❤ 1
More from @azattyq
  1. Oct 14, 2026Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы улану белгілері бойынша аур…
  2. Oct 14, 2026Әзербайжанда Баку мен тағы бірнеше қала тұрғындары мектепте хиджаб киюге салынған тыйымға…
  3. Oct 14, 2026Трамп: АҚШ Украинаға барлау деректерін беріп жатыр Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зе…
  4. Oct 13, 2026☢️ МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанның АЭС салуға дайындығын бағаламақ Астанада 12-15 қазан ар…
  5. Oct 13, 2026📝 Тоқаев Көшербаев пен Тұқымовты елші етіп тағайындады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт…
  6. Oct 13, 2026🦭 Маңғыстауда Каспий жағасынан 15 итбалық өлексесі табылды Маңғыстау облысында Каспий тең…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →