Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы улану белгілері бойынша ауруханаға түсті. Мектеп уақытша жабылды.
Балалардың ауруханаға түскенін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның хабарлауынша, 12 және 13 қазанда балалар инфекциялық ауруханасына ішек инфекциясының белгілері бойынша 47 оқушы түскен.
“Қазір барлығы дәрігерлердің бақылауында. Интернаттың тағы 8 баласы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды” деді басқарма өкілдері.
Мектеп-интернат пен тамақтандыру блогының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мамандар тексеріп, зертханалық үлгілер алынған.
Post #35710
338
- 😱 7
- 🤬 1