TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35696 467
🏅 Экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық екі ғалымға беріледі

2026 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығын америкалық ғалымдар Роберт Холл мен Майкл Вудфорд алады. Мұндай шешімді 12 қазанда Швецияның корольдік ғылым академиясы жариялады.

Холл мен Вудфорд тұрақтандырушы экономикалық саясат жүргізу мүмкіндіктерін кеңейткен макроэкономикалық модельдер әзірлеген еңбегі үшін Нобель сыйлығына лайық деп танылды. Олардың зерттеулері экономикалық құбылуларды талдауға және экономиканың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жылдағы дәстүрге сай, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы кімге берілетінін жариялау қазан айының басынан бері жалғасқан Нобель апталығын қорытындылайды. 6 қазаннан бері медицина мен физиология, химия, физика, әдебиет және бейбітшілік салаларында биыл Нобель сыйлығы берілетін адамдардың аты-жөні жарияланған.

Айта кетерлігі, өзге Нобель сыйлықтарынан айырмашылығы – экономика саласындағы сыйлық Альфред Нобельдің өсиетінде қарастырылмаған. 1968 жылы Швецияның орталық банкі тағайындаған оның ресми атауы – Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығы. Сыйлық иегерлерін Швецияның корольдік ғылым академиясы анықтайды.
  • 👍 8
  • ❤ 1
More from @azattyq
  1. Oct 12, 2026🌟 Газ қоры мол Қазақстан мен Өзбекстан неліктен Ресейге тәуелді болып барады? Совет одағы…
  2. Oct 12, 2026📝 Тоқаев елдегі мәслихаттардың бәрін таратып, кезектен тыс мәслихат сайлауын өткізуді ұйғ…
  3. Oct 12, 2026🛢️Трамп Ресейден жанармай алмақ. Бұл келісімнен пайда бар ма? АҚШ президенті Дональд Трам…
  4. Oct 12, 2026▶️ Харьковте ресейлік дрон көпқабатты үйге түсіп, бес адам жараланған 12 қазан таңертең Ре…
  5. Oct 12, 2026👮‍♀️🆘 "Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті т…
  6. Oct 12, 2026Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →