TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35692 459
👮‍♀️🆘 "Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті төрт адам ұсталды

12 қазанда Алматы қаласының полиция департаменті 61 жастағы адамның өліміне байланысты тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталғанын хабарлады.

"Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында" деп хабарлады департамент.


Полиция көпқабатты үй подъезіндегі бейнебақылау камерасының видеоларын жариялады. Онда үйге сырттан кірген екі ер адам баспалдақпен жоғары көтерілгені, келесі кадрда басына қап кигізілген әлдебір адамды иығына салып алып, жоғары жақтан баспалдақпен түскен ер кісінің подъезден сыртқа шығып кеткен сәті көрінеді.

Оқиға қашан, нақты қай үйде болғаны туралы әзірше ақпарат жоқ. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
  • 😱 7
  • 🤬 3
More from @azattyq
  1. Oct 12, 2026▶️ Харьковте ресейлік дрон көпқабатты үйге түсіп, бес адам жараланған 12 қазан таңертең Ре…
  2. Oct 12, 2026Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы…
  3. Oct 12, 2026🇰🇿 Қазақстан Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады Қа…
  4. Oct 12, 2026🇸🇦 Эр-Рияд әуежайына тағы шабуыл жасалды: бір кісі өліп, 11 адам жараланған 💥 Сауд Араб…
  5. Oct 12, 2026🇺🇦 Зеленский Украинада президент сайлауын өткізу шартын атады Украина президенті Владими…
  6. Oct 12, 2026🇺🇸🇺🇦 Трамп Ресей мен Украина "энергетикалық бітімге" келгенін айтты. Зеленский оны тос…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →