TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35687 779
🇺🇸🇺🇦 Трамп Ресей мен Украина "энергетикалық бітімге" келгенін айтты. Зеленский оны тосын жаңалық деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында "энергетикалық бітім" күшіне енгенін жариялады. Ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл келісімге "екі тарап та келісті" деп жазып, "Оны бұзбаңыздар!" деп ескертті. Алайда ол бұл бітімнің нақты шарттары мен нені көздейтіні жайлы ештеңе айтқан жоқ.

Украина президенті Владимир Зеленский Axios басылымына Трамптың бұл мәлімдемесі өзі үшін тосын жаңалық болғанын айтты, бірақ егер бітім екіжақты болса, Украина оны қолдауға дайын екенін жеткізді.

"Егер президент Трамп бұл жайлы Путинмен келіскен болса, онда бізге атысты тоқтату қашан басталатынын айтыңыздар. Біз дайынбыз және оны қабылдаймыз" деген Зеленский.


Кейінірек Зеленский өзінің ресми Telegram-арнасында Трамптың мәлімдемесінен соң НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен, Финляндия президенті Александр Стуббпен және Канада премьер-министрі Марк Карнимен телефонмен сөйлескенін хабарлады. Ол Украина атысты тоқтатуды қолдайтынын және мұндай қадамды Ресейдің де қолдауы маңызды екенін атап айтты.

"Америка тарапынан егжей-тегжейін күтеміз. Өз тарапымыздан жағдайды ушықтырмауға, адам өмірін қорғауға және соғысты тоқтатып, ұзақмерзімді бейбітшілікке кепілдік беретін қажетті шешімдерді әрдайым қолдаймыз" деп жазды Украина президенті.


Мәскеу бұл мәлімдемеге байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
  • 🤯 9
  • 👍 8
  • 🤣 4
  • 💩 1
More from @azattyq
  1. Oct 12, 2026🌟 Газ қоры мол Қазақстан мен Өзбекстан неліктен Ресейге тәуелді болып барады? Совет одағы…
  2. Oct 12, 2026🏅 Экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық екі ғалымға беріледі 2026 жылғы экономика с…
  3. Oct 12, 2026📝 Тоқаев елдегі мәслихаттардың бәрін таратып, кезектен тыс мәслихат сайлауын өткізуді ұйғ…
  4. Oct 12, 2026🛢️Трамп Ресейден жанармай алмақ. Бұл келісімнен пайда бар ма? АҚШ президенті Дональд Трам…
  5. Oct 12, 2026▶️ Харьковте ресейлік дрон көпқабатты үйге түсіп, бес адам жараланған 12 қазан таңертең Ре…
  6. Oct 12, 2026👮‍♀️🆘 "Басына қап кигізіп алып шыққан". Алматыда 61 жастағы тұрғынның қазасына күдікті т…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →