TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35695 959
Azattyq - Азаттық Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы кеңес өткізді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін…
📝 Тоқаев елдегі мәслихаттардың бәрін таратып, кезектен тыс мәслихат сайлауын өткізуді ұйғарды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлық шығарды. 12 қазанда президенттің ресми сайтында жарияланған құжат сол күннен бастап қолданысқа енгізілді.

Президент жарлығында барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылатыны айтылған.

Бұған қоса Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырған.

Кезектен тыс сайлау ұйымдастыруды материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз етуді Тоқаев үкіметке, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жүктеген.

Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау нақты қай кезде өтетіні әзірше ресми жарияланған жоқ.
  • 💩 15
  • 🤡 6
  • 👍 2
  • ❤ 1
  • 🤷‍♂ 1
  • 🤔 1
  • 😱 1
More from @azattyq
  1. Oct 13, 2026📝 Тоқаев Көшербаев пен Тұқымовты елші етіп тағайындады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт…
  2. Oct 13, 2026🦭 Маңғыстауда Каспий жағасынан 15 итбалық өлексесі табылды Маңғыстау облысында Каспий тең…
  3. Oct 13, 2026🚘 Бәсекелестікті қорғау агенттігі inDrive қызметін ұсынушыға ескерту жасады Қазақстанның…
  4. Oct 13, 2026🚨 Ақтөбеде таныс әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған Ақтөбе қаласында…
  5. Oct 13, 2026🇰🇿 Астана Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады Қазақстан сыртқы істер минис…
  6. Oct 13, 2026💻 Францияда хакерлер жүздеген супермаркеттің тоңазытқыштарын бүлдіріп кеткен Франциядағы…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →