TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35703 607
🚨 Ақтөбеде таныс әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған

Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында пышаққа түсіп ауыр жараланған әйел оқиға орнында көз жұмған. Қылмысқа күдікті ретінде Атырау қаласының тұрғыны, 28 жастағы ер адам ұсталған. Жергілікті полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған.

10 қазан сағат 22:30 шамасында Сәтбаев көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазақстандық кейбір басылымдар әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада қас қарайған шақта подъездің алдындағы орындықта отырған әйелдің жанына ер адам келіп, екеуі біраз уақыт сөйлескеннен кейін әйел орнынан тұрып, өзін бөгеуге тырысқан ер адамның қолын қағып тастап, кетпек болғаны көрінеді.

Сол кезде ер адам ту сыртынан әлдебір затты шығарып, онымен әйелдің белінен ұрған сәтте ол бір жағына қарай қисая береді. Әлгі адам оны қапсыра құшақтап, сүйреп алып кеткен.

Полиция дерегінше, ауыр жарақат алған әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
  • 😱 8
More from @azattyq
  1. Oct 13, 2026📝 Тоқаев Көшербаев пен Тұқымовты елші етіп тағайындады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт…
  2. Oct 13, 2026🦭 Маңғыстауда Каспий жағасынан 15 итбалық өлексесі табылды Маңғыстау облысында Каспий тең…
  3. Oct 13, 2026🚘 Бәсекелестікті қорғау агенттігі inDrive қызметін ұсынушыға ескерту жасады Қазақстанның…
  4. Oct 13, 2026🇰🇿 Астана Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады Қазақстан сыртқы істер минис…
  5. Oct 13, 2026💻 Францияда хакерлер жүздеген супермаркеттің тоңазытқыштарын бүлдіріп кеткен Франциядағы…
  6. Oct 13, 2026💥 Ресей Киев пен Харьковтегі тұрғын үйлерді атқылап, бірнеше адам қаза тапқан Дүйсенбі ке…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →