🇰🇿 Қазақстан Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптады
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарды айыптаған.
"Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді" деген Қазақстан СІМ 11 қазанда таратқан мәлімдемесінде.
Астана шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырған.
Қазақстан Сауд Арабиясы корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растаған.
Post #35690
854
Azattyq - Азаттық 🇸🇦 Эр-Рияд әуежайына тағы шабуыл жасалды: бір кісі өліп, 11 адам жараланған 💥 Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежай тағы да шабуылға ұшырады. Салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланған деп хабарлады Associated Press пен Reuters.…www.gov.kz Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар…
- 🤮 7
- 🤣 4
- 🤔 2
- 💩 2