TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35682 552
Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына соққысы кезінде кемінде 12 адам қаза болды

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға ракетамен соққы жасап, кемінде 12 адам қаза болды, 400-ге жуық адам зардап шекті.

Осы аптада осымен әуежайға үшінші рет соққы жасалып отыр, ең ауыры да осы. Қаза болғандар арасында Сауд Арабиясынан бөлек, АҚШ, Бангладеш, Иордания, Палестина, Сирия, Судан, Египет азаматтары бар.

Видеода аэровокзалдың айтарлықтай бүлінгені көрінеді. Әуежай уақытша жабылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп шабуылды қатаң айыптап, АҚШ "Сауд Арабиясының хуситтерге қарсы соққысына қосылу жөнінде" "жылдам шешім қабылдауы" мүмкін екенін айтты. Бұған дейін АҚШ Эр-Риядтың бірігіп соққы жасау туралы ұсынысын кері қаққан. Әуежайға соққыны Таяу Шығыстағы бірқатар ел айыптады.
  • 🤬 9
  • 🔥 3
More from @azattyq
  1. Oct 11, 2026Зеленский: егер Ресей Украина энергетикасына соққы жасауын доғарса, Украина Ресейдің мұнай…
  2. Oct 11, 2026Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады Шымкентте…
  3. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталығына үшінші рет шабуыл жасалғаны хабарланды. Ресей мен тағы бірнеше…
  4. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталықтарына дрон шабуылынан кейін Қазақстанда компанияның қызметінде ақа…
  5. Oct 11, 2026Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деп санайды Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарын…
  6. Oct 10, 2026Журналист-зерттеуші Болот Теміров Лондонда халықаралық The Albies сыйлығын алды Қырғызстан…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →