TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35676 609
Журналист-зерттеуші Болот Теміров Лондонда халықаралық The Albies сыйлығын алды

Қырғызстан соты "экстремистік қызметпен" айналысты деп таныған журналист-зерттеуші Болот Теміров "Әділет үшін" қоры тағайындаған халықаралық The Albies International сыйлығын алғанын хабарлады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, марапаттау рәсімі 7 қазанда Лондонда өтті.

Теміров бұл марапат өзінің туған елі Қырғызстанда материалдары "экстремистік" деп танылған Temirov Live және "Айт, айт десе" жобалары жұмысының халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді деді.

Халықаралық Albies сыйлығы Болот Теміров пен оның әйелі, журналист-зерттеуші Махабат Тәжібекқызына берілді. Алайда Тәжібекқызы марапаттау рәсіміне қатыса алмады. 25 тамызда Бішкек соты оған Лондонға баруға рұқсат бермеді.

The Albies сыйлығын 2022 жылдан бері актер Джордж Клуни мен оның әйелі – адам құқығы бойынша адвокат Амаль Клуни негізін қалаған "Әділет үшін" қоры тағайындайды. Сыйлық адам құқығы мен әділетті қорғау саласында істеген тұлғаларға беріледі.
  • 👍 18
  • 🔥 3
  • ❤ 1
More from @azattyq
  1. Oct 10, 2026Ташкентте 10 мың долларын жоғалтып алған қазақстандыққа ақшасы қайтарылды Ташкентке көлік…
  2. Oct 10, 2026Каспийде қаза болғандардың отбасына берілетін өтемақы мөлшері жарияланбайды Маңғыстау облы…
  3. Oct 10, 2026"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға…
  4. Oct 10, 2026АҚШ Ресеймен дизель бойынша операцияларға рұқсат берді 9 қазанда АҚШ қаржы министрлігі рес…
  5. Oct 10, 2026📹 Литвада мұсылмандарға қысым көрсетіліп жатыр ма? Литвада Орталық Азия елдерінің 29 мыңғ…
  6. Oct 10, 2026Саят Исанов Қазақстан қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына т…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →