TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35675 874
Ташкентте 10 мың долларын жоғалтып алған қазақстандыққа ақшасы қайтарылды

Ташкентке көлік сатып алуға барып, сондағы метрода 10 мың долларын жоғалтып алған Қазақстан азаматының ақшасы толық қайтарылды деп хабарлады Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тергеушілердің айтуынша, Ташкент метросында станциялардың бірінен асығыс түсіп бара жатқанда Қазақстан азаматы сөмкесінен 10 мың доллар түсіп қалғанын байқамаған. Ақшасы жоғын көлік базарына барғанда байқап, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінген.

Ақша біраз уақыт жерде жатқан, ешкім оған мән бермеген. Кейінірек Ташкент метросының баспасөз қызметі жолаушының ақша тауып алғаны көрінетін видео жариялады. Құқық қорғау органдары бақылау камераларының көмегімен иесін анықтап, ақшасын қайтарды. Face ID жүйесі де ақша иесін табуға көмектескен.
  • 👍 34
  • ❤ 4
  • 😁 2
More from @azattyq
  1. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталығына үшінші рет шабуыл жасалғаны хабарланды. Ресей мен тағы бірнеше…
  2. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталықтарына дрон шабуылынан кейін Қазақстанда компанияның қызметінде ақа…
  3. Oct 11, 2026Трамп Украинаға "жаңа президент керек" деп санайды Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарын…
  4. Oct 10, 2026Журналист-зерттеуші Болот Теміров Лондонда халықаралық The Albies сыйлығын алды Қырғызстан…
  5. Oct 10, 2026Каспийде қаза болғандардың отбасына берілетін өтемақы мөлшері жарияланбайды Маңғыстау облы…
  6. Oct 10, 2026"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік компанияға уран сатудан бас тартты, бірақ Қытайға тасымалдауға…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →