Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарына жауап берген АҚШ басшысы Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасағаны үшін сынады. Трамптың айтуынша, соққының салдарынан дизель отыны қымбаттаған. Ол Зеленскийді сонымен бірге соғысты аяқтағысы келмейді деп те айыптады.
“[Украинаға] келісім жасай алатын жаңа басшы табуға кеңес бергенмін. Ол көп келісім жасай алған болар еді, бірақ қандай да бір себептен ешқашан жасаған емес” деді Трамп.
Трамп сонымен бірге Вашингтон Киевтен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны доғаруды сұрағанын растады.
“Зеленскийге “не істегің келсе, соны істе, бірақ дизель отынына соққы жасамашы” дедік. Ал ол не істеп жатыр? Алады да, дизель отынына соққы жасайды. Ол барлығын істей алады, бірақ сол нәрсені істей алмайды” деді Трамп
