TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35672 997
АҚШ Ресеймен дизель бойынша операцияларға рұқсат берді

9 қазанда АҚШ қаржы министрлігі ресейлік дизельмен операция жүргізуге рұқсат беретін бас лицензия шығарды. АҚШ бұған дейін мұндай операцияларға санкциямен тыйым салған еді. Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) лицензиясы ресейлік дизельді сатуға, тасымалдауға, түсіруге, импорттауға рұқсат береді. 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін күшінде болады.

Дегенмен лицензия қаражатты Ресей орталық банк, Ресей ұлттық әл-ауқат қоры немесе қаржы министрлігінің Америкадағы қаржы мекемелеріне аударуға рұқсат бермейді.

АҚШ-тың шешімін Украина сынады. Ал Кремль бұл “ғаламдық экономикаға оң әсер ететінін” мәлімдеді.
  • 🤬 26
  • 😱 11
  • 💩 2
  • ❤ 1
  • 👎 1
More from @azattyq
  1. Oct 11, 2026Қырғызстанның оңтүстігінде жер опырылып, он шақты адам эвакуацияланды 10 қазанда Қырғызста…
  2. Oct 11, 2026Зеленский: егер Ресей Украина энергетикасына соққы жасауын доғарса, Украина Ресейдің мұнай…
  3. Oct 11, 2026Хуситтердің Эр-Рияд әуежайына соққысы кезінде кемінде 12 адам қаза болды Йемендік хуситтер…
  4. Oct 11, 2026Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады Шымкентте…
  5. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталығына үшінші рет шабуыл жасалғаны хабарланды. Ресей мен тағы бірнеше…
  6. Oct 11, 2026Yandex-тің дата орталықтарына дрон шабуылынан кейін Қазақстанда компанияның қызметінде ақа…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →